09.04.2015, 11:50 3846

Қазақстан мен Түркияныӊ Қарулы Күштері өзара әскери кадрлармен алмасуды жоспарлауда

Астанаға ресми сапармен Түрік Республикасы Қарулы Күштеріндегі Құрлық әскерлерініӊ бас қолбасшысы армия генералы Хулуси Акардыӊ бастаған әскери қызметшілер делегациясы келді

Астана. 9 сәуір. Kazakhstan Today - Астанаға ресми сапармен Түрік Республикасы Қарулы Күштеріндегі Құрлық әскерлерініӊ бас қолбасшысы армия генералы Хулуси Акардыӊ бастаған әскери қызметшілер делегациясы келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ҚР Қорғаныс министрініӊ бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штабыныӊ бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов түрік елінен келген әріптестерін қарсы ала отырып, Қазақстан Түркиямен ынтымақтастықты дамытуға айтарлықтай көӊіл бөліп отырғандығын және оныӊ негізі екі елдіӊ тарихи-мәдени туыстығында жатқанын атап өтті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Қазақстан және Түркияныӊ қорғаныс аумағында өзара тәжірибе алмасудыӊ маӊызы зор. Оныӊ ішінде, заманауи қару-жарақтар мен әскери техникаларды модеринизациялау және әзірлеу, сондай-ақ әскери қызметшілерді жауынгерлік даярлау әдістерін зерделеу саласын ерекше атауға болады.

Ынтымақтастықты дамыту әскери білім беру және аға лейтенанттан бастап капитан әскери атақтағы дейінгі әскери қызметшілермен, взвод және рота қолбасшылары деӊгейінде өзара алмасуға қызығушылық туып отыр.

ҚР ҚК Құрлық әскерлерініӊ бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтіӊ Түрік Республикасы ҚК Құрлық әскерлерініӊ бас қолбасшысы армия генералы Хулуси Акарға "ҚР Қарулы Күштерініӊ 20 жылдығы" мерейтой медалін табыс етуі екі елдіӊ ынтымақтастығын растайтын құндылық екенін айта кеткен жөн.

Түрік делегациясы сапар барысында 68665 әскери бөлімінде болып, "Қазақстан Aselsan Инжиниринг" зауытындағы қару-жарақтар мен әскери техникалар үлгілерімен танысып қайтты. Осыдан кейін ҚР Тұӊғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс универститетін және- "Бәйтерек" Монументін, "Хазрет Сұлтан" мешітін, ҚР Ұлттық мұражайы және басқа да Астананыӊ көрікті жерлерін аралады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны