02.04.2015, 21:29 4133

Қазақстан мен Венгрия арасындағы келісімдерге қол қою туралы

Қазақстан Республикасыныӊ Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Венгрияныӊ Премьер-Министрі Виктор Орбанныӊ делегациясы құрамында Астанаға ресми сапармен келген Венгрияныӊ Иділет министрі Ласло Трочани және Бас прокуроры Петер Полтпен кездесті

Астана. 1 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Венгрияныӊ Премьер-Министрі Виктор Орбанныӊ делегациясы құрамында Астанаға ресми сапармен келген Венгрияныӊ Иділет министрі Ласло Трочани және Бас прокуроры Петер Полтпен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Венгерлік әріптестерін Қазақстан жерінде қарсы ала отырып, Қазақстан Бас Прокуроры құқықтық саладағы екіжақты қарым-қатынастардыӊ достық және сындарлы сипатын атап өтті.

Иріптестер халықаралық күн тәртібініӊ неғұрлым өзекті мәселелері бойынша ой бөлісті. Ведомство басшылары қазіргі заман тұрғысында Қазақстан мен Венгрияныӊ халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріндегі ниеттестігін және бірлігін атап өтті.

Кездесу барысында құқықтық саладағы ынтымақтастықтыӊ басым бағыттары, атап айтқанда, қылмысқа, терроризмге, экстремизмге, киберқылмысқа, есірткі тасымалына қарсы күрес, тәжірибе және ақпарат алмасу мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасыныӊ Бас прокуратурасы мен Венгрия Бас прокуратурасыныӊ арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қазақстан мен Венгрияныӊ құқық қорғау органдары арасында өзара тиімді ынтымақтастықтыӊ динамикалық тәжірибесі қалыптасып, қазіргі таӊда жаӊа деӊгейге шығып келеді.

Өткен жылы ұстап беру туралы, сотталған адамдарды беру туралы екіжақты шарттар жасалды. Сондай-ақ, бүгін Үкімет Үйінде Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы мемлекетаралық шартқа қол қою рәсімі өтті. Осылайша, Венгрия Қазақстанмен қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы ынтымақтастық үшін толық құқықтық негіз құрған тағы бір ел атанды.

Тараптар құжатқа қол қоюдыӊ қылмысқа қарсы тұру саласындағы екіжақты әріптестікті нығайтудағы маӊызды қадам екендігін және қылмыстық-құқықтық саладағы екі ел құзіретті органдары жұмысыныӊ тиімділігін арттыруға ықпалдастық ететінін атап өтті. Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету қылмысқа қарсы күрестегі басты бөлшек болып табылады және өзара ықпалдастықты кеӊейту үшін кеӊ мүмкіндіктер ашады.

Қазақстанныӊ Бас Прокуроры атап өткендей, шартқа қол қою қазақстандық-венгерлік құқықтық ынтымақтастықты кеӊейтудегі, қылмысқа қарсы күресте күш біріктірудегі, сондай-ақ жаһандану жағдайындағы қауіп-қатерлердіӊ алдын-алудағы тиісті шаралар дайындауда айтулы оқиға болып отырғанын баса айтты.

Кездесу барысында тараптар құқықтық ынтымақтастықтыӊ барлық бағыттары бойынша екіжақты қарым-қатынастарды тереӊдетуге мүдделілік танытты.

Бас прокуратураныӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны