06.06.2014, 23:13 2789

Қазақстан мен Венгрия биліктері ел астаналары арасында авиарейстің ұшуын құптады

Жақында Будапешт қаласында өткен Венгрия-Қазақстан Үкіметаралық комиссия отырысының барысында тараптар астаналар арасында тікелей авиарейс ашуды құптады. Жақын арада елдеріміздің авиациялық биліктері сарапшылар деңгейінде аталған мәселе бойынша келіссөздер өткізуді жоспарлаған, деп көлік және коммуникация министрлігінен хабарлады.

Алматы. 6 маусым. Kazakhstan today. Венгриялық авиакомпаниялар "Будапешт - Астана" бағыты бойынша тұрақты рейс ашуға ниет білдірді.

Жақында Будапешт қаласында өткен Венгрия-Қазақстан Үкіметаралық комиссия отырысының барысында тараптар астаналар арасында тікелей авиарейс ашуды құптады. Жақын арада елдеріміздің авиациялық биліктері сарапшылар деңгейінде аталған мәселе бойынша келіссөздер өткізуді жоспарлаған, деп көлік және коммуникация министрлігінен хабарлады.

"Біз аталған рейстің ашылуын құптаймыз. Жақын арада біздің елдеріміздің арасындағы қолданыстағы Иуе қатынас туралы үкіметаралық келісімді жетілдіру мәселелерін талдау мақсатында біз венгриялық әріптестерімізбен кездесу өткізуді жоспарлап отырмыз",- деп ҚР ККМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Талғат Ластаев мәлімдеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны