04.09.2018, 15:41 4362

Қазақстан Мьянма үкіметін рохинджа-мұсылмандардыӊ проблемаларын шешу жөнінде шаралар қабылдауға шақырды

Қазақстан Мьянма үкіметін елдегі рохинджа-мұсылмандарыныӊ жағдайына байланысты проблемалардыӊ түбегейлі себептерін жоюға барлық күш-жігерін жұмсауға шақырады. Бұл туралы Қазақстанныӊ Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесініӊ Мьянмадағы ахуал бойынша өткен отырысында мәлімдеді.

Астана. 4 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Мьянма үкіметін рохинджа-мұсылмандардыӊ проблемаларын шешу жөнінде шаралар қабылдауға шақырды,- деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Қазақстан Мьянма үкіметін елдегі рохинджа-мұсылмандарыныӊ жағдайына байланысты проблемалардыӊ түбегейлі себептерін жоюға барлық күш-жігерін жұмсауға шақырады. Бұл туралы Қазақстанныӊ Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесініӊ Мьянмадағы ахуал бойынша өткен отырысында мәлімдеді.

Кездесу барысында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш және БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі агенттігініӊ ізгі ниетті елшісі, актриса Кейт Бланшетт Мьянмадағы рохинджа-мұсылмандарыныӊ жағдайы туралы баяндамаларын жасады.

Қазақстан Елшісі дәл осыдан бір жыл бұрын халықаралық қоғамдастық Мьянмадан Бангладешке 700 мыӊнан астам рохинджа-мұсылмандардыӊ қашып кеткен еӊ ірі гуманитарлық апаттардыӊ біріне куә болғанын атап өтті. "Еӊ таӊқаларлығы-рохинджа-босқындардыӊ 60%-ы - үйлерінен кетуге мәжбүр болған және біз сәуір айында Бангладеште өзіміз көргеніміздей босқындар лагерлерінде өте қиын жағдайға тап болып отырған балалар", - деді Қ.Омаров.

Қазақстан БҰҰ және барлық гуманитарлық әріптестердіӊ рохинджа-босқындарға азық-түлік, баспана, дәрі-дәрмектер, су және басқа да көмек көрсету құралдарын ұсынуға бағытталған күш-жігерін жоғары бағалайды.

Үстіміздегі жылдыӊ сәуір айында Қазақстан Үкіметі Бангладештегі Кокс-Базар қаласыныӊ маӊындағы аумағында орналасқан рохинджа-босқындарға 500 мыӊ доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсетіп, оны олар тұратын жерлерге жеткізді.

Мьянмада қазіргі жағдай туралы айта келіп, Қ.Омаров БҰҰ-ныӊ мәліметтері бойынша этникалық рохинджа халқы өкілдерініӊ жүріп-тұру бостандығына, сондай-ақ білім алу, денсаулық сақтау және өмірлік дағдыларына қол жеткізуге қатаӊ шектеулер әлі қалуда екенін атап өтті. "Рохинджа-босқындар кепілдікті қауіпсіздікті және осы мәселелер бойынша нақты прогресті көріп тұрған кезде ғана олар елге оралады", - баса айтты Қазақстан елшісі.

Қазақстанныӊ Тұрақты өкілі сондай-ақ Мьянмадағы Рохинджа халқыныӊ құқықтарын бұзушылықтарды тергеу бойынша тәуелсіз комиссия құруын татуластыққа және өтпелі әділеттілікке бағытталған негізгі қадамдардыӊ бірі ретінде атады. Сонымен қатар, ол Комиссияға мұсылман қауымдастығыныӊ өкілін қосу оныӊ беделін едәуір арттырып, "көпірлерді салуға" көмектесуге мүмкіндік бере алатындығын атап өтті.

Жалпы, БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесініӊ мүшелері рохинджа-босқындардыӊ проблемаларын Мьянмадағы бұрынғы тұрғылықты жерлерге қауіпсіз, қайырымды және өз еркімен оралуы үшін тез арада шешу қажеттігі туралы бірауызды болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны