01.09.2016, 16:22 3538

Қазақстан немістіӊ Siemens компаниясымен ынтымақтастықты нығайтуда

Кездесу барысында Қазақстан экономикасыныӊ жаӊғыртылуына концернніӊ қатысуы мен ЭКСПО көрмесіне келуі талқыланды.

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Германиядағы Қазақстанныӊ елшісі Болат Нүсіпов вице-президент Дитрих Меллердіӊ төрағалығымен "Siemens" концернініӊ басшылығымен кездесті, деп хабарлады ҚР СІМ.

Кездесу барысында Қазақстан экономикасыныӊ жаӊғыртылуына концернніӊ қатысуы мен ЭКСПО көрмесіне келуі талқыланды. Қазақстандық дипломат неміс тарапын Қазақстанныӊ бастамаларымен таныстырды. Елдіӊ инвестициялық ахуалы мен шетелдік инвестиция тарту мәселелері талқыланды.

Д.Меллер Қазақстандағы концерн делегациясы сапарыныӊ қорытындысы туралы айтып берді. Биыл делегация наурыз айында келген болатын. "ЭКСПО-2017" көрмесініӊ технологиялық серіктесі ретінде өздерініӊ дайын екендерін білдірді.

Неміс тарапы Қазақстанмен сәтті ынтымақтастықты көлік инфрақұрылымы мен медициналық қондырғы жеткізу, энергетика саласында жүріп жатқанын атап өтті.

"Концернніӊ энергетика саласындағы әлеуетін ескере отырып, баламалы энергия көздерініӊ технологиясы саласында әлеуеті жоғары", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны