28.09.2016, 13:36 3641

Қазақстан өкілдері Венада өтіп жатқан Халықаралық атом энергиясы агенттігі Бас конференциясыныӊ 60-шы сессиясына қатысуда

Делегация Еуропалық Одақ, Иран, Үндістан, Ресей, Аргентина, Монғолия өкілдерімен кездесті. БҰҰ Веналық бөліміндегі Бас конференция кезеӊінде "Қазатомөнеркәсіп" АҚ және Ұлттық ядролық орталықтыӊ көрмесі қойылды.

Астана. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Венада Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) Бас конференциясыныӊ 60-шы сессиясы өз жұмысын бастады, деп хабарлады Қазақстанныӊ Сыртқы істер министрлігі.

164 мүше елдіӊ делегациясы жыл сайынғы МАГАТЭ баяндамасы мен физикалық ядролық қауіпсіздік баяндамасы, агенттіктіӊ бюджеті мен бағдарламасын қарайды. Бас конференцияныӊ назарында ядролық энергетиканы дамыту перспективалары, ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтыӊ нығаюы, ядролық энергияныӊ бейбіт қолданылуы, техникалық ынтымақтасты, кепілдіктіӊ тиімділігі мен қызметтілігін арттыру мәселелері болды.

Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы ҚР тұрақты өкілі, Қазақстанныӊ Австриядағы елшісі Қайрат Сарыбай қазақстандық делегацияға төрағалық етті, делегация құрамына Ұлттық экономика министрлігініӊ өкілдері, "Қазатомөндіріс" АҚ, Ұлттық ядролық орталық өкілдері енді.

Сыртқы істер министрлігінде хабарлағандай, қазақстандық делегация басшысыныӊ баяндамасында ядролық қаруды таратпау саласындағы елдіӊ жетістігі айтылды. Сондай-ақ, Қазақстанныӊ МАГАТЭ-мен тиімді ынтымақтастығы талқыланды.

МАГАТЭ-ге мүше елдердіӊ назары Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ ядролық қаруды таратпау саласындағы бастамаларына аудартылды. Шараға қатысушылар Қазақстандағы МАГАТЭ төмен байытылған Уран банкі жобасын жүзеге асыру туралы ақпараттандырылды.

Делегация Еуропалық Одақ, Иран, Үндістан, Ресей, Аргентина, Монғолия өкілдерімен кездесті.

БҰҰ Веналық бөліміндегі Бас конференция кезеӊінде "Қазатомөнеркәсіп" АҚ және Ұлттық ядролық орталықтыӊ көрмесі қойылды.

СІМ хабарлағандай, МАГАТЭ Бас конференциясы 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны