09.11.2016, 17:48 4029

Қазақстан Оӊтүстік Кореямен бірлесіп E-Gov-ты дамытатын болады

Аталған форумныӊ шеӊберінде Қазақстан Республикасыныӊ Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен Корея Республикасыныӊ Мемлекеттік басқару және ішкі істер министрлігі арасында Электрондық үкімет саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік меморандумына қол қойылды. Құжатқа Дәурен Абаев пен Хонг Юн-сик қол қойды.

Астана. 9 қараша. Kazakhstan Today - 9-10 қарашада Корея Республикасыныӊ Пусан қаласында 3.0 "2016 Government 3.0 Global Forum" атты электрондық үкіметтіӊ жаһандық форумы өтеді, онда АКТ саласындағы ведомстволардыӊ басшылары, халықаралық ұйымдардыӊ өкілдері, сондай-ақ шамамен 15 елден әлемніӊ жетекші ғалымдары қатысады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасыныӊ Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Корея Республикасына жұмыс сапары шеӊберінде аталған форумныӊ жұмысына қатысты.

Іс-шара мемлекеттік қызметте инновацияны енгізуге қатысты түрлі мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді және осы мәселелерде жетекші орынға ие болып отырған елдердіӊ тәжірибелерін қабылдауға көмектеседі. Корея Республикасыныӊ Үкіметтік әкімшілігі және ішкі істер министрлігі мен ЭЫДҰ және мемлекеттік басқару саласындағы БҰҰ жобаларыныӊ орталығы (UNPOG) форумныӊ ұйымдастырушылары болып табылады. Форумныӊ салтанатты ашылуында алғы сөзбен ЭЫДҰ мемлекеттік хатшысыныӊ орынбасары азаматша Мари Кивиниеми сөз сөйледі.

Аталған форумныӊ шеӊберінде Қазақстан Республикасыныӊ Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен Корея Республикасыныӊ Мемлекеттік басқару және ішкі істер министрлігі арасында Электрондық үкімет саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік меморандумына қол қойылды. Құжатқа Дәурен Абаев пен Хонг Юн-сик қол қойды.

Аталған меморандум ақпараттық-коммуникациялық салада Корея Республикасымен серіктестік қатынастарда жаӊа қадам болуы тиіс, "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда болжамды мақсаттарға қол жеткізуге жәрдемдесу қажет, сондай-ақ тәжірибемен алмасуға, инвестицияларды тартуға және АКТ жобаларын іске асыруда консультациялық қолдау көрсетуге ықпал көрсетуі қажет.

Құжатқа қол қою кезінде тараптар АКТ саласында халықаралық ынтымақтастықтыӊ үлкен әлеует екенін атап өтті, сондай-ақ әрі қарай бірлескен жұмыстыӊ тереӊдетілуіне қызығушылықтарын білдірді. Рәсімніӊ қорытындысы бойынша Министр Дәурен Абаев өзініӊ әріптесін ресми сапармен Қазақстан Республикасына келуге шақырды.

Бұдан басқа, форум алаӊында Министр Ұлттық Банкініӊ АКТ жобаларыныӊ басшысы Джейн Трейдвэлмен кездесті, онда ынтымақтастықтыӊ ағымдағы мәселесі, сондай-ақ одан әрі өзара іс-қимылдыӊ келешегі талқыланды.

Сонымен қатар, Кореяға сапар шеӊберінде ҚР АКМ мен "Зерде" холдингі делегациясыныӊ Korea Expressway Corporation және ISAN Corporation компанияларымен жұмыс кездесуі өткізілді. Қазақстандық тарапқа "Smart highway" бойынша шешімдер таныстырылды, сондай-ақ жолдардыӊ ағымдағы жай-күйініӊ деректер талдауын пайдалана отырып, нақты уақыт режимінде Smart highway компоненттерініӊ тәжірибелік көрсетілімі өткізілді. Қосымша ретінде, Оӊтүстік Кореяныӊ барлық автомагистралін қамтитын, кешенді ақылды жүйеге интеграциялаудыӊ техникалық шешімдері мен мүмкіндіктері егжей-тегжейлі көрсетілді. Кездесудіӊ қорытындысы бойынша Қазақстандық тарап аталған компанияларды "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы шеӊберінде жобаларды іске асыруға шақырды.

Анықтамалық ақпарат:

Корея Республикасы электрондық үкіметті дамыту мен енгізу бойынша әлемніӊ көшбасшысы болып табылады (2010, 2012, 2014 жылдары E-Government Global Survey БҰҰ есебі бойынша 1 орын, 2016 жылы 3 орын). Қазіргі уақытта Корея Республикасы "Үкімет 3.0." саясаты - мәліметтерді бірлесіп пайдалануға, ашықтыққа, коммуникацияға және ынтымақтастыққа бағытталған іс-шаралар кешенін әзірлеуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны