14.12.2007, 18:35 4040

Қазақстан оралмандарды қолдау саясатын одан әрі жалғастырады - Назарбаев

Қазақстан оралмандарды қолдау саясатын одан әрі жалғастырады - Назарбаев

Астана. 14 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан оралмандарды қолдау саясатын одан әрі жалғастырады. Бұл туралы бүгін Қазақстан Тәуелсіздігінің 16 жылдығына арналған салтанатты жиында президент Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді , деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі.

"Бүгінде елдердің бәрінде бірдей тарихи отанына оралуға ниет білдірген отандастарын қолдаудың арнаулы бағдарламасы жоқ", - деді президент.

"Қазақстан оралмандарды қолдау саясатын одан әрі жалғастырады", - деді ол.

Н. Назарбаевтың айтуынша, қазіргі жағдаймен Қазақстанға 1 млн астам репатриант оралды. Соның ішінде 650 мың отандасымыз мемлекеттің қолдауымен көшіп келді. "Біз Қазақстанға өз бетімен келуге ниеті барларды қолдаймыз", -деді мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, жыл сайын оралмандарды көшіріп алу мен әлеуметтік қорғауға мемлекет 11 млрд теңге бөліп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны