27.04.2010, 14:07 3353

Қазақстан өз күшіне сенеді және өңірдегі басқа елдерді қолдауға дайын - президент (толықтырылған)

Қазақстан өз күшіне сенеді және өңірдегі басқа елдерді қолдауға дайын - президент (толықтырылған)

Алматы. 27 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан өз күшіне сенеді және өңірдегі басқа елдерді қолдауға дайын. Бұл туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Алматыда өтіп жатқан IX Еуразиялық Медиафорумның ашылуында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазақстан өз күшіне сенеді және өңірдегі басқа елдерді қолдауға дайын ", - деп мәлімдеді Н. Назарбаев.

"2009 жылды біздің экономикамыз оң өсіммен аяқтады. Қазір бұл ағым беки түсуде. Осы жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша елдің Жалпы ішкі өнімі 6,6%-ға, экспорт 60%-ға, өнеркәсіп пен сауда - 11,5%-ға өсті", - деді мемлекет басшысы.

"Күрделі шаралардың нәтижесінде отандық банктердің берешектерін қайта құрылымдау процессі аяқталды. Банк жүйесі толық тұрақтанды", - деді президент.

Қазақстан өзінің экономикалық көрсеткіштерімен барлық ТМД елдерінен алда келеді, деді президент. "Қазір біз жаппай мойындалған лидерміз. Жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, оның көлемі мен жан басына шаққандағы шетелдік инвестициялар секілді көрсеткіштермен біз барлық ТМД елдерінен сенімді алда келеміз. Бүгінде Қазақстанның Жалпы ішкі өнімі көлемі жағынан Орталық Азиядағы барлық елдердің экономикасынан асып түседі", - деді Н. Назарбаев.

Бұған қоса мемлекет басшысы Қазақстанның 2020 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық дамуының жаңа бағдарламасын жүзеге асыруға кіріскенін атап өтті. "Бұл - Қазақстан үшін өмірлік маңызы бар жоба. Биылдың өзінде жалпы құны 5 млрд долларды құрайтын 140-тан астам жоба аяқталады және сонымен біруақытта жалпы құны 26 млрд долларды құрайтын 47 жаңа жоба жүзеге асырыла бастайды", -деді президент.

Оның айтуынша, "бұл жоспарларды жүзеге асыру келешекте Қазақстан экономикасының көлемін біршама ұлғайтуға және ел азаматтарының өмірін жақсарта түсуге мүмкіндік береді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны