09.01.2017, 13:37 3842

Қазақстан - Өзбекстан мемлекеттік шекарасында шекара бұзушы ұсталды

Сарыағаш шекара отрядына қарасты "Дархан" заставасыныӊ шекара наряды мемлекеттік шекараны өзініӊ қалауынша бұзып өтуге тырысқан азаматты ұстады,- деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Астана. 9 қаӊтар. Kazakhstan Today - Сарыағаш шекара отрядына қарасты "Дархан" заставасыныӊ шекара наряды мемлекеттік шекараны өзініӊ қалауынша бұзып өтуге тырысқан азаматты ұстады,- деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Басқару пультіне сигнал түскен сәтте шекара заставасы "Дабыл" белгісі бойынша атқа мінді. Аталған участокқа келіп жеткенде, шекарашылар қоршау шарбағын бұзып өткен әлдекімніӊ ізін байқады. Із бойынша қарағанда шекара бұзушы Қазақстаннан Өзбекстанға қарай кетіп бара жатқанға ұқсайды.

Көп ұзамай шекарашылар шекара бұзушыны ауыздықтады. Ол 32 жастағы Өзбекстан азаматы болып шықты. Қалтасынан 530 АҚШ доллары, діни сипаттағы кітаптар табылды. Өзбекстан-Қазақстан мемлекеттік шекарасын 2012 жылдыӊ қаӊтар айында өткізу бекетінен тыс жерде кесіп өткендігі анықталды. Енді еліне қарай қайтып бара жатқан беті екен.

Аталған дерек бойынша ОҚО Сарыағаш аудандық прокуратурасы хабарландырылды.

Сондай-ақ, мекеме ақпаратына сәйкес, Қазақстан - Ресей мемлекеттік шекарасы арқылы есірткі алып өтпек болған азамат ұсталды.

Қостанай шекара отрядына қарасты "Обаған-авто" бақылау-өткізу бекетініӊ шекара наряды салмағы 40 грамм болатын марихуана есірткісін жасырып өткізуге тырысқан 45 жастағы қазақстандық азаматты ұстады.

Аталған азамат тексеру барысында "Фольксваген" автокөлігімен елімізден Ресейге қарай кетіп бара жатқандығын айтты. Ал есірткілік зат оныӊ шалбарыныӊ қалтасынан шықты.

Аталған дерек бойынша Қостанай облысы Ұзынкөл аудандық ішкі істер бөлімі хабарландырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны