08.12.2006, 18:19 2917

Қазақстан Өзбекстанмен арадағы халықаралық автокөлік қатынасы туралы келісімді бекітті

АСТАНА. 8-желтоқсан. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Халықаралық автокөлік қатынасы жөніндегі Қазақстан-Өзбекстан үкіметаралық келісімін бекіту туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Келісімнің мақсаты - Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы халықаралық автокөлік қатынасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға құқықтық негіз қалау, екі ел арасындағы автокөлікпен жүзеге асырылатын жүк тасымалы талаптарын жеңілдету болмақ.

Келісім халықаралық автокөлік қатынасын аясында жүк және жолаушы тасымалын, осы аумақтар арқылы өтетін транзитті тасымалды, сондай-ақ, екі мемлекет аумағында тіркелген көлік құралдарымен үшінші ел арқылы жүк тасымалдауды реттейді.

Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы келісімге 2006-жылдың 20-наурызында Ташкентте қол қойылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны