30.10.2009, 16:39 3186

Қазақстан парламенті "2010-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға өзгерістер енгізу туралы" заңды қабылдады

Қазақстан парламенті "2010-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға өзгерістер енгізу туралы" заңды қабылдады

Астана. 30 қазан. Kazakhstan Today - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "2010-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға өзгерістер енгізу туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"2010-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын таныстыру барысында экономика және жоспарлау министрі Б.Сұлтанов депутаттарды үстіміздегі жылғы республикалық бюджет түсімдерінің өзгерістері туралы хабардар етті.

Министр 2009 жылғы нақтыланған бюджет кірістері 39,7 миллиард теңгеге азаятынын атап өтті.

Оған қоса Б.Сұлтанов баяндағандай, қосымша шығыстар әлеуметтік төлемдерге - 8,7 миллиард теңге, білім беру және денсаулық сақтау салалаының нысандарын қаржыландыруға - 9,3, Астананың өткір мәселелерін шешуге - 15,4, Алматының өткір мәселелерін шешуге - 11,6, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер кооперациялары негізінде қызмет көрсету-дайындау орталықтарын құруға - 5,6, Шымкенттегі жылыжай құрылысына - 0,85 миллиард теңге бағытталатын болады.

"Алдағы жыл ел экономикасы үшін едәуір күрделі болып қалып отырғанын ескере отырып бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақысы мен мемлекеттік стипендияларды 2010-2011 жылдарда арттыру 2010 жылдың 1 шілдесінен қарастырылды",-деді министр.

2010 жылғы республикалық бюджет түсімдері 3 189,6 миллиард теңге болып белгіленді, шығыстар - 3910,8 миллиард теңгені құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны