30.06.2009, 17:35 8800

Қазақстан парламенті ағымдағы жылы 2 млрд теңгеге жуық қаражатты үнемдеді

Қазақстан парламенті ағымдағы жылы 2 млрд теңгеге жуық қаражатты үнемдеді

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан парламенті ағымдағы жылы 2 млрд теңгеге жуық қаражатты үнемдеді. Бұл туралы бүгін қос палатаның бірлескен отырысында мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Бюджет қаражатын үнемдеуге парламент те өз үлесін қосқанын айта кеткен жөн болар. Өздеріңізге мәлім, біз өз қызметімізді қамтамасыз етуге арналған шығыстардың бір бөлігінен бас тартқан болатынбыз. Нәтижесінде Парламенттің 2009 жылға арналған бюджеті 1 млрд 683 млн теңгеге қысқартылды. Сонымен қатар барлық шығыс баптары бойынша да қосымша 847 млн теңге үнемделді",- деді О.Мұхамеджанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны