23.05.2007, 11:06 1454

Қазақстан парламенті азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңды қабылдады

АСТАНА. 23-мамыр. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" заңның жобасына сенат тарапынан енгізілген түзетулермен келісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Комитет сенат енгізген барлық өзгерістерді қарап шықты. Олар заң жобасының тұжырымдамасын өзгертпейді, сол себепті олармен келісуді ұсынамыз",- деді мәжіліс депутаты Болат Ибішев әріптестеріне қаратып айтқан сөзінде.

Депутаттар бұл ұсынысты мақұлдады. Сөйтіп, заң қабылданды деп танылып, президенттің қол қоюына жолданды.

Сенаттың аймақтық және салалық даму жөніндегі комитетінің қорытындысында атап көрсетілгеніндей, "заң жобасының нормалары денсаулыққа зиянды емес және адам өміріне қауіп тудырмайтын өнімдерді өндіруші отандық тауар өндірушілерге қойылатын талаптарды қарастырады. Заң жобасында азық-түлік өнімдеріне, оларды өндіру процессіне, пайдалануға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын талаптарға қатысты бірыңғай ережені қолдану принциптері белгіленеді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны