13.05.2010, 12:04 2969

Қазақстан парламенті Байқоңыр қаласының мәртебесі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялады

Қазақстан парламенті Байқоңыр қаласының мәртебесі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялады

Астана. 13 мамыр. Kazakhstan Today - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі, ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің қорытындысына сәйкес, хаттамамен келісімге енгізіліп отырған өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының Байқоңыр қаласы аумағында қызмет ететін, шетел валюталарын ауыстыруға құқы бар, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен заңды тұлғаларының қызметін мемлекеттік реттеуге бағытталған.

Келісімдегі 13-бапқа еліміздің шетел валюталарын ауыстыруға құқы бар, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен заңды тұлғаларының қызметі қазақстандық заңнамамен реттелетіні туралы хаттамамен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Олардың қызметіне Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары: Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттік және Ұлттық банк қадағалау жүргізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны