11.07.2007, 12:42 3166

Қазақстан парламенті демалысқа шықты

АСТАНА. 11-шілде. Kazakhstan Today. Үшінші шақырылған Қазақстан парламентінің үшінші сессиясы жабылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында бұл шешім үшін сенаттың 36 депутаты дауыс берді.

Сөйтіп, 12-шілдеден бастап депутаттар корпусы парламенттік каникулға кетті. Оған депутаттардың еңбек демалысы мен өңірлердегі сайлаушылармен кездесулері кіреді.

Осы орайда еске сала кетейік, үшінші шақырылған парламент мәжілісі маусымда таратылды, ал 18-тамызға төртігші шақырылған парламент мәжілісінің кезектен тыс сайлауы белгіленген.
Қыркүйектің басында жаңа құрамдағы мәжіліс пен сенат бірлескен отырысқа жиналып, төртінші шақырылған парламенттің бірінші сессиясын ашады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны