11.07.2007, 12:58 3374

Қазақстан парламенті демалысқа шықты (толықтырылған нұсқа)

АСТАНА. 11-шілде. Kazakhstan Today. Үшінші шақырылған Қазақстан парламентінің үшінші сессиясы жабылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында бұл шешім үшін сенаттың 36 депутаты дауыс берді. "Үшінші сессия басталғаннан бері парламентке 360 заң жобасы түсті. Депутаттар олармен мқұият жұмыс істеді",- деді сессияның жабылуында сөз сөйлеген сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев. "Осы шақырылым барысында парламент 300-ден астам заң қабылдады, соның ішінде 50-і дербес заңдар, 150-і өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы, 100-і - халықаралық келісімдер мен шарттарды бекіту жөніндегі заңдар",- деді ол.

АСТАНА. 11-шілде. Kazakhstan Today. Үшінші шақырылған Қазақстан парламентінің үшінші сессиясы жабылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында бұл шешім үшін сенаттың 36 депутаты дауыс берді.

"Үшінші сессия басталғаннан бері парламентке 360 заң жобасы түсті. Депутаттар олармен мқұият жұмыс істеді",- деді сессияның жабылуында сөз сөйлеген сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев. "Осы шақырылым барысында парламент 300-ден астам заң қабылдады, соның ішінде 50-і дербес заңдар, 150-і өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы, 100-і - халықаралық келісімдер мен шарттарды бекіту жөніндегі заңдар",- деді ол.

"Үшінші сессиядағы заң жобасын жасау жұмыстарына жүргізілген талдау қорытындысы мәжілісте мақұлданған әрбір екінші заң жобасының сенатта қаралғаннан кейін өзгерістер мен толықтырулармен қоса мәжіліске кері қайтарылғанын көрсетті",- деді спикер. "Демек, қос палаталы парламент өзінің тиімділігін дәлелдеді",- деп санайды Қ.Тоқаев.

Ол мәжіліс таратылғаннан кейін сенатқа парламенттің жалпы функциясын атқару жүктелгенін атап өтті. "Бұл рольді сенат табысты атқарып, барлық басымдық берілген және еліміз үшін аса маңызды заңдарды қабылдады. Соңғы сессияда қабылданған 139 заңнан 42-сі "заң шығаруда сенат билік құрған" тұста қабылданды",- деді Қ.Тоқаев.

Сөйтіп, 12-шілдеден бастап депутаттар корпусы парламенттік каникулға кетті. Оған депутаттардың еңбек демалысы мен өңірлердегі сайлаушылармен кездесулері кіреді.

Осы орайда еске сала кетейік, үшінші шақырылған парламент мәжілісі маусымда таратылды, ал 18-тамызға төртіні шақырылған парламент мәжілісінің кезектен тыс сайлауы белгіленген.

Қыркүйектің басында жаңа құрамдағы мәжіліс пен сенат бірлескен отырысқа жиналып, төртінші шақырылған парламенттің бірінші сессиясын ашады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны