01.10.2015, 13:32 3704

Қазақстан Парламенті ЕЭО шеӊберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысыныӊ бірыӊғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді ратификациялады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатыныӊ пленарлық отырысында депутаттар "Еуразиялық экономикалық одақ шеӊберінде дәрілік заттар айналысыныӊ бірыӊғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді ратификациялау" және "Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникалардыӊ) айналысыныӊ бірыӊғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы" Заӊ жобасын қабылдады

Астана. 01 Қазан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Сенатыныӊ пленарлық отырысында депутаттар "Еуразиялық экономикалық одақ шеӊберінде дәрілік заттар айналысыныӊ бірыӊғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді ратификациялау" және "Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникалардыӊ) айналысыныӊ бірыӊғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы" Заӊ жобасын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2016 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардыӊ ортақ нарығы өз жұмысын бастайды.

Сонымен, ЕАЭО елдері аумағында тек GMP стандарттарына (дәрілік заттардыӊ сапасы, қауіпсіздігі мен тиімділігін растайтын "алтын стандарт") сай келетін медициналық дәрілік заттар таратылады.

Дәрілік заттар мен медициналық өнімдер ЕЭО аумағында Еуропалық одақ қағидалары мен тәсілдері негізінде жасалған бірыӊғай ережелердіӊ тіркеу қағидаларынан өткеннен кейін еркін айналымда болады. Сондай-ақ, дәрілік заттарды, медициналық қолданылуларды таӊбалау, айналымды қадағалау мен мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында мемлекеттік тілді қолдану бойынша ұлттық талаптар сақталатын болады.

Келісімді ратификациялау туралы ҚР Заӊын қабылдау еліміздіӊ ұлттық заӊнама жүйесіне қайшы келмейді. Ол мүше-мемлекеттердіӊ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар саласындағы заӊнамаларын үйлестіру арқылы сапалы, қауіпсіз және тиімді дәрілік заттардыӊ қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, мүше-мемлекеттер халықтарыныӊ денсаулығын нығайтуға ықпал етеді.

Естеріӊізге сала кетейік, 2014 жылдыӊ 29 мамырында ортақ қызметтер, тауарлар нарығы, капитал мен одаққа мүше мемлекеттердіӊ жұмыс күшін жасақтау қарастырылған Еуразиялық Экономикалық Одақ туралы келісімге қол қойылды. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардыӊ бірыӊғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге 2014 жылдыӊ 23 желтоқсанында қол қойылды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны