26.12.2008, 17:45 3240

Қазақстан парламенті ЮНИСЕФ ұйымымен ынтымақтаса беруге дайын - мәжілістің вице-спикері

Қазақстан парламенті ЮНИСЕФ ұйымымен ынтымақтаса беруге дайын - мәжілістің вице-спикері

Астана. 26 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - ЮНИСЕФ-тің Қазақстан Республикасыдағы өкілі Ханаа Сингер ханым бүгін парламент мәжілісіне келіп, Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі төрағасының орынбасары Сергей Дьяченкомен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде С.Дьяченко Қазақстанның жаңа экономикалық қадамдары жөнінде, Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі мен ерекшеліктері жөнінде жан-жақты әңгімеледі. Бүгінгі таңда мәжіліс әлемнің танымал халықаралық ұйымдарымен және 58 елдің парламентімен ынтымақтастық байланыс орнатқан. Сондай-ақ өзге елдердің азаматтық қоғамдық институттармен және саяси партиялармен іс-тәжірибе алмасып отырады.

"Қазақстан біз үшін маңызды ел болып табылады ,- деді мейман Х.Сингер ханым,- Илем жұртшылығын, әсіресе, Қазақстанның балаларды әлеуметтік жағынан қорғауға бағытталған бюджеттік бағдарламалары қызықтырады".

Осы бағыттағы істерді өзге елдердің парламентшілеріне жан-жақты әңгімелеп беру мақсатында мәжілістің қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсова ЮНИСЕФ-тің Бас Ассамблеясына арнайы шақырылған болатын. Биыл депутат Нью-Йорк қаласына іссапармен барып келді.

Тараптар алдағы уақытта да ынтымақтаса байланыс жасау жөнінде айта келіп, жаңа жылда үлкен табыстарға жете беруді тіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны