13.05.2009, 17:02 1717

Қазақстан парламенті "Қазақстан мен АҚШ арасындағы құрлықаралық баллистикалық зымырандардың шахталық ұшыру қондырғыларын жоюға қатысты келiсiмге енгізілетін түзетуді ратификациялады

Қазақстан парламенті "Қазақстан мен АҚШ арасындағы құрлықаралық баллистикалық зымырандардың шахталық ұшыру қондырғыларын жоюға қатысты келiсiмге енгізілетін түзетуді ратификациялады

Астана. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы құрлықаралық баллистикалық зымырандардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келiсiмге енгізілетін түзетуді ратификациялау туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Заң жобасы жөнінде Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев баяндама жасады. Мәжіліс депутаты Валерий Вишниченко заң жобасының мәне мен мазмұны жайлы және жұмыс тобындағы талқылануы туралы қосымша түсінік берді.

Келісімге түзетуге қол қою ядролық, биологиялық, химиялық, радиологиялық және оның құрамдас бөліктерін қоса алғанда, Қазақстанның ғаламдық қарусыздану процестерін және жаппай қырып жоятын қаруды таратпау режимін нығайтуды жақтайтынының дәлелі болып табылады.

Келісімге енгізілген түзетудің мақсаты - Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2007 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-сессиясындағы мәлімдемесінде айтылған қарусыздану саласындағы бастамаларды іске асыру және 1993 жылғы желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы құрылқаралық баллистикалық зымырандардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісімді кезекті жеті жылдық кезеңге ұзарту.

"1993 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісімді ұзарту мәселесі жөнінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы елшілігі арасындағы ноталар алмасу нысанындағы келісімді бекіту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңымен осы келісімнің қолданыс мерзімі 2007 жылғы 13 желтоқсанға дейін ұзартылған болатын.

Қаралып отырған Түзетудің 6-тармағына сәйкес 1993 жылғы 13 желтоқсандағы Келісімнің қолданысы, егер Тараптардың бір де біреуі екінші Тарапты тиісті жеті жылдық кезең аяқталғанға дейін алты айдан кешіктірмей оның қолданысын ұзартпау жөніндегі өзінің ниеті туралы жазбаша нысанда хабардар етпесе, ол келесі жеті жылдық кезеңге өздігінен ұзартылатын болады.

Осы Түзетудің ережелерімен "ядролық қару" деген сөздерді "жаппай қырып-жоятын қару" деген сөздермен ауыстыру көзделеді, бұл ядролық, биологиялық, химиялық және радиологиялық қарудың кең ауқымда таралуын болдырмауға мүмкіндік береді.

Аталған Түзетуге Вашингтон қаласында 2007 жылғы 13 желтоқсанда қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны