18.03.2010, 12:30 2575

Қазақстан парламенті Қазақстан мен Франция арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялады

Қазақстан парламенті Қазақстан мен Франция арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялады

Астана. 18 наурыз. Kazakhstan Today - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қорытындысына сәйкес, аталған шарттың мақсаты Қазақстан мен Франция арасындағы екіжақты саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық, ақпараттық, гуманитарлық, мәдени және басқа да салалардағы ынтымақтастыққа жаңа сапа беру, сондай-ақ оның құқықтық базасын нығайту болып табылады.

Осы шарттың 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы өз қатынастарын теңдік, өзара сенім, стратегиялық әріптестік және жан-жақты ынтымақтастық негізінде құрады.

Франция Қазақстанмен осындай шарт жасасқан алғашқы еуропалық ел болды. Бұл шартқа 2008 жылғы 11 шілдеде Париж қаласында қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны