25.02.2010, 11:31 1399

Қазақстан парламенті Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы Одақтастық қатынастар туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады

Қазақстан парламенті Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы Одақтастық қатынастар туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады

Астана. 25 ақпан. Kazakhstan Today - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Одақтастық қатынастар туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қорытындысына сәйкес, одақтастық қатынастар негізіндегі екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған келісімді Қазақстан 2006 жылғы 9 қарашада ратификациялаған болатын.

Бұл хаттама осы келісім ұстанымдарын одан әрі жүзеге асыруға және тараптарға үш жылдық кезеңге ынтымақтастық жөніндегі шаралар жоспарын қабылдауға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны