18.03.2010, 12:36 2656

Қазақстан парламенті Кеден одағына қатысты екі келісімді ратификациялады

Қазақстан парламенті Кеден одағына қатысты екі келісімді ратификациялады

Астана. 18 наурыз. Kazakhstan Today - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындаудың дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің қорытындысына сәйкес, 2008 жылғы 12 желтоқсанда Мәскеу қаласында қол қойылған осы келісім Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындаудың дұрыстығын бақылауды жүзеге асырудың негізгі ережелерін айқындайды, олардың негізінде кеден одағында кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін кеден одағына қатысушы мемлекеттердің халықаралық шарттары қалыптастырылады.

Бүгін сонымен қатар "Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы" заң да қабылданды.

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің қорытындысына сәйкес, 2008 жылғы 12 желтоқсанда Мәскеу қаласында қол қойылған Келісім кеден одағына қатысушы мемлекеттердің бірыңғай кеден аумағына әкелінетін тауарлардың және осы аумақтан әкетілетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібінің негізгі ережелерін айқындайды, оған сәйкес кеден одағына қатысушы мемлекеттердің кеден одағындағы кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттары әзірленеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны