30.05.2007, 13:31 1512

Қазақстан парламенті Орынбор газ өңдеу зауытының базасында Ресеймен ынтымақтастық жөніндегі келісімді бекіту жұмыстарының мерзімін ұзартты

АСТАНА. 30-мамыр. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Орынбор газ өңдеу зауытының базасында шаруашылық қоғамын құруда өзара ынтымақтасу жөніндегі Қазақстан Республикасының үкіметі мен Ресей Федерациясы үкіметінің арасындағы келісімді бекіту туралы" заң жобасына қатысты жұмыстарды созуға шешім қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Комитет осы заң жобасына қатысты қорытындыны дайындау мерзімін ағымдағы жылдың аяғына дейін созуды сұрайды",- деп мәлімдеді палатаның отырысында сөз сөйлеген депутат Бағила Баймағамбетова.

Ол "келісімнің мақсаты газ саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту және Қазақстан Республикасындағы Қарашығанақ кенішіндегі көмірсутегі шикізатын өңдеу саласында өзара тиімді жағдайлар жасау болып табылатынын" атап өтті.

Аталмыш келісімнің 2-бабына сәйкес бірлескен кәсіпорын ұзақ мерзімді коммерциялық шарт жасалған жағдайда құрылатынын еске салды. "Бұл шарт әзірге орындалған жоқ. Ресей жағы жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл мәселенің күрделілігін ескере отырып мерзімді ағымдағы жылдың аяғына дейін созуды сұраймыз",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны