31.03.2011, 13:23 8593

Қазақстан парламенті ШЫҰ мүше елдердің терроризмге қарсы құрылымдары үшін кадрлар даярлау туралы келісімді мақұлдады

Қазақстан парламенті ШЫҰ мүше елдердің терроризмге қарсы құрылымдары үшін кадрлар даярлау туралы келісімді мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 31 - наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан парламенті ШЫҰ мүше елдердің терроризмге қарсы құрылымдары үшін кадрлар даярлау туралы келісімді мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында "Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің терроризмге қарсы құрылымдары үшін кадрлар даярлау туралы келісімді ратификациялау туралы" ҚР Заңы қабылданған.

Естеріңізге сала кетсек, аталған келісімге 2009 жылғы 16 маусымда Екатеринбург қаласында қол қойылған болатын. Құжатқа сәйкес, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің терроризмге қарсы құрылымдары үшін кадрлар даярлауды тараптардың құзыретті органдары ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының Атқару комитетінің жәрдемімен және үйлестіруімен жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте аталған салада практикалық білімді, шеберлікті, дағдыны жетілдіру, терроризмге қарсы арнайы, оның ішінде бірлескен іс-шараларды жүргізудің қазіргі заманғы тактикалық амалдарын меңгеру, жеке арнайы даярлық деңгейін арттыру, құрылымдар арасындағы тәжірибе алмасу жұмыстары атқарылатын болады.

"Келісім сол бағыттағы жұмысты жоспарлы негізде және тараптардың қажеттігін ескере отырып көп және екіжақты жүргізілуін көздейді. Құжат ұйымның жарғылық қағидатына және тараптардың ұлттық заңнамаларына қайшы келмейді. Терроризмге қарсы күрес кадрларын даярлау практикасы ұйымның кеңістігінде белсенді түрде қолданылатын болады", - деді ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары Жанат Жарасов.

Оның айтуынша, жыл сайын Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен басқа да құрылымдардың сарапшылары Ресей мен Қытайда білімдерін жетілдіріп келеді. Алдағы уақытта келісімге сәйкес, бұндай шаралар арта түседі. "Құжатты қабылдау еліміздің ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне сай келеді. Қазіргі уақытта құжатты Ресей мен Тәжікстан қабылдады. Қырғыз елінде қаралып жатыр. Қытай мен Өзбекстанда келіссөздер жүргізілуде", - деді ҰҚК төрағасының орынбасары.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны