18.03.2010, 12:40 2646

Қазақстан парламенті ШЫҰ мүше мемлекеттердің терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығуларын ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы келісімді ратификациялады

Қазақстан парламенті ШЫҰ мүше мемлекеттердің терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығуларын ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы келісімді ратификациялады

Астана. 18 наурыз. Kazakhstan Today - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "ШЫҰ мүше мемлекеттердің терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығуларын ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қорытындысына сәйкес, келісімнің мақсаты ШЫҰ мүше мемлекеттердің терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығуларын ұйымдастыру және өткізу үшін құқықтық негіз қалыптастыру болып табылады.

Келісім ережелерімен терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығулардың мақсаты мен міндеттері және оны әзірлеу мен өткізуді реттеудің негізгі аспектілері белгіленіп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны