18.03.2010, 12:33 2540

Қазақстан парламенті Тауарлардың дамушы және аз дамыған елдерден шығарылғанын айқындау ережесі туралы келісімді ратификациялады

Қазақстан парламенті Тауарлардың дамушы және аз дамыған елдерден шығарылғанын айқындау ережесі туралы келісімді ратификациялады

Астана. 18 наурыз. Kazakhstan Today - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Тауарлардың дамушы және аз дамыған елдерден шығарылғанын айқындау ережесі туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің қорытындысына сәйкес, 2008 жылғы 12 желтоқсанда Мәскеу қаласында қол қойылған бұл келісім 2008 жылғы 25 қаңтардағы Тауарлардың шығарылған елін айқындаудың бірыңғай ережесі туралы келісімнің 1-бабын іске асыруға бағытталған.

Бұл ретте, келісімнің 1-бабы тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кедендік аумағында дамушы және аз дамыған елдерден шығарылған тауарларға қатысты осы Келісімнің ажырамас бөлігін құрайтын қосымшаға сәйкес дамушы және аз дамыған елдерден шыққан тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі қолданылатындығын белгілейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны