26.12.2014, 21:11 3823

Қазақстан Парламенті ТМД аясында құпия ақпаратты қорғау туралы келісімді ратификациялады

Қазақстан Парламенті "Тәуелсіз Мемлекетер Достастығы аясында құпия ақпаратты қорғау келісімін ратификациялау" туралы ҚР заӊ жобасын қарауға алды.

Астана. 26 желтоқсан. Kazakhstan Today - Салалық комитет қорытындысында айтылғандай Келісім пәні Тәуелсіз Мемлекетер Достастығы аясында құпия ақпаратты қорғау келісімін артификациялау болып есептеледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Келісім 17 баптан тұрады, Келісімніӊ пәні де анықталған. Терминдер мен қосымшалардыӊ мағынасы түсіндіріліп жазылған, ол жоба жүзеге асқанда қолданылатын болады. Құпия ақпаратты сақтау туралы шаралардыӊ барлығы нақтыланып, қарастырылған. Атап айтар болсақ, Келісімде келісімге қатысушы елдердіӊ атқарушы және құзіретті органдарына байланысты 3 келісім қосымшасы бар. Олар құпия ақпарат саласында ынтымақтасатын болады", - делінген қорытынды материалда, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Сондай-ақ, келісім ақпараттыӊ құпиялық дәрежесі мен оған сәйкес шараларына байланысты. Сонымен қатар, қатысушы елдердіӊ жағдайы мен міндеті де қарастырылған.

Аталмыш құжат ТМД елдерініӊ кез келгеніне қолжетімді болып есептеледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны