15.07.2015, 12:34 3659

Қазақстан Парламенті төртінші сессияны аяқтап, демалысқа кетті

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламентініӊ қос палатасы бесінші шақырылымдағы төртінші сессияныӊ жұмысын аяқтап, бірлескен отырыстан

Астана. 15 Шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламентініӊ қос палатасы бесінші шақырылымдағы төртінші сессияныӊ жұмысын аяқтап, бірлескен отырыстан, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Төртінші сессияда Парламент Үкіметпен үйлесімді өзара қарым-қатынаста халық пен мемлекет мүддесі үшін Елбасы белгілеп берген және қалыптасқан жағдай талап етіп отырған көптеген ауқымды міндеттерді шеше алды. Барлық фракциялар, депутаттық бірлестіктер, қос палатаныӊ барлық комитеттері, әрбір депутат береке-бірлік таныта отырып, ортақ елдік мақсаттар үшін жұмыс атқарды. Олардыӊ әрқайсысы біздіӊ ортақ нәтижемізге өз үлесін қосты", - деді бірлескен отырыста бас баяндама жасаған Мәжіліс төрағасы Қ.Жақыпов, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Орайды пайдалана отырып, Қ.Жақыпов депутаттық корпуспен констурктивті қарым-қатынас орнатқаны үшін Премьер-министр мен Үкімет мүшелеріне алғысын айтты.

"5-ші шақырылымныӊ 5-ші сессиясында заӊ жобаларыныӊ топтамасы көп болады. "100 нақты қадамды" жүзеге асыру бойынша Ұлттық комиссия ұсынған құжаттар да баршылық. Олар қаралып, бізден саяси жауапкершілік пен жоғарғы кәсібилікті қажет етеді", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны