05.02.2015, 16:11 3810

Қазақстан Парламенті Венгриямен тұлғаларды көшіру туралы келісімді ратификациялады

Қазақстан Парламенті "Қазақстан Республикасы мен Венгрия Республикасы арасында олардыӊ аумағында заӊсыз тұрып жатқан тұлғаларды көшіру тарулы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасыныӊ заӊыныӊ жобасын қабылдады

Астана. 5 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Парламенті "Қазақстан Республикасы мен Венгрия Республикасы арасында олардыӊ аумағында заӊсыз тұрып жатқан тұлғаларды көшіру тарулы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасыныӊ заӊыныӊ жобасын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жалпыазаматтық және ұлттық паспорты бар тұлғаларды еліміздердіӊ арасында визасыз процедурамен қамтамасыз ету бұл келісімніӊ күшіне енуініӊ басты шарты. Келісімде мемлекеттердіӊ аумағында болу немесе келу тәртібін бұзған тұлғаларды қайта еліне қайтару процедурасы қарастырылған", - деді ішкі істер министрініӊ бірінші орынбасары Марат Демеуов, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Келісімді ратификациялау халықаралық құқық нормасына сәйкес адамдардыӊ заӊсыз тасымалдау немесе қабылдауға және заӊсыз көші-қонға қарсы тұруға мүмкіндік береді.

"Келісім екі елде болу тәртібін бұзған немесе ол тәртіпті орындаудан бас тартып отырғандарды қайта еліне қайтару үшін қауіпсіз анықтау және қайтаруды реттеудіӊ тиімді әдісін анықтайды. Аталмыш заӊжобасын қабылдау қосымша шығынға ұшыратпайды және әлеуметтік-экономикалық, сондай-ақ құқықтық салдарды болдырмайды", - делінген салалық комитеттіӊ қорытындысында.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны