18.04.2006, 15:42 3344

Қазақстан парламенті заң шығару тәжірибесін ұштай түсуге тиіс – мәжілістің вице-спикері

АЛМАТЫ. 18-сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстан парламенті заң шығару тәжірибесін ұштай түсуге тиіс. Қазақстан парламентінің мәжілісі төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко бүгін Франция Ұлттық ассамблеясының өкілдерімен кездесуде осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Өкілдердің жетекшісі – “Франция-Қазақстан” парламенттік достық тобының төрағасы Эрве Маритонның Қазақстан парламентінің жұмысындағы басым бағыттар туралы сауалына жауап берген С.Дьяченко өз сөзінде парламенттің қазіргі құрамының кәсіби мамандардан құралғанын, ол өз кезегінде сапалы заңдарды қабылдауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Дейтұрғанмен, мәжіліс төрағасы орынбасарының пікірінше, Қазақстан парламенті заң шығару тәжірибесін ұштай түсуге тиіс. “Біз халықтың сұранысын паш ететін және оларға қажетті заңдардың жобасын жасап қабылдауға тиіспіз“,- деді ол. С.Дьяченко Франциялық әріптестеріне Қазақстан парламенті биыл 10 жылдық мерейтойын атап өткенін хабарлады. “Осы уақыт ішінде 1500-дей заң қабылданып, олар жас мемлекеттің аяғынан тұруына септігін тигізді”,- деді ол. Қазір бұл заңдар жұмыс істеп жатыр. Мемлекеттің алдына қойған асқаралы мақсаттарын жүзеге асыру үшін қазіргі қолданыстағы заңдарды жетілдіру бағытында күрделі жұмыстар күтіп тұр, деді мәжіліс төрағасының орынбасары.

С.Дьяченконың пікірінше, сондай-ақ, халықтың тауқыметін шын мәнісінде шешу үшін депутаттар мен сайлаушылар арасындағы байланысты нығайту керек.
“Депутаттар сайлаушылармен тығыз байланыста болуға тиіс. Қазір мәжіліс депутаттары 10 күнге аймақтарға шықты. Осындай тұрғындармен бетпе-бет жүздесулер адамдардың тауқыметтерінен нақты хабардар болып, олардың ескертпелері мен талап-тілектерін білуге мүмкіндік береді”,- деді ол.

Қазақстан мен Франциялық депутаттар екі ел парламенттерінің жұмысына қатысты пікір алмасып, тәжірибе алмасу мүмкіндіктері мен басқа да өзекті мәселелерді талқылады.

Франция Ұлттық ассамблеясының өкілдері Қазақстанда 21-сәуірге дейін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны