29.10.2007, 15:39 3508

Қазақстан парламентіне БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі конвенциясына бірігу туралы заң жобасы енгізілмекші

Қазақстан парламентіне таяу уақыттарда БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі конвенциясына бірігу туралы заң жобасы енгізілмекші. Бұл туралы республиканың әділет министрі Зағипа Балиева парламентте өткен "үкіметтік сағатта" хабарлады.

Астана. 29 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан парламентіне таяу уақыттарда БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі конвенциясына бірігу туралы заң жобасы енгізілмекші. Бұл туралы республиканың әділет министрі Зағипа Балиева парламентте өткен "үкіметтік сағатта" хабарлады.

"Жуық арада БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі конвенциясына және оған қосымша екі хаттамаға бірігу туралы заң жобасын сіздердің қарауларыңызға ұсыну жоспарланған", - деді З.Балиева.

БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі конвенциясы (Палермо келісімі) 2003 жылдың 29 қыркүйегінде күшіне енген. Құжатта ұйымға мүше елдер арасындағы ықпалдастыққа, соның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтар жасаған қылмыстарды тексеруге және кінәлілерді жазалауға қатысты бірқатар тетіктер қарастырылған.

Сонымен қатар, Конвенцияға қосымша екі хаттама, атап айтқанда, адам саудасының алдын алу және оған тосқауыл қою жөніндегі, сондай-ақ, мигранттарды заңсыз елге әкелуге қарсы хаттама күшіне енді.

Қазіргі жағдаймен Конвенцияға 81 қатысушы мемлекет, соның ішінде бұрынғы Кеңестік республикалардан Ресейді қосқанда 11 мемлекет қол қойды, адам саудасының алдын алу және оған тосқауыл қою жөніндегі хаттамаға 63, мигранттарды заңсыз елге әкелуге қарсылық хаттамасына 56, қару-жарақты заңсыз жасау және оның айналымына қарсы хаттамаға 21 ел қол қойған. Беларуь бұл конвенцияны 2003 жылдың 25 маусымында бекітті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны