14.04.2008, 14:41 2702

Қазақстан полиция қызметкерлері бір аптаның ішінде 25 браконьерлік дерегін анықтады

Қазақстан полиция қызметкерлері бір аптаның ішінде 25 браконьерлік дерегін анықтады

Астана. 14 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан полиция қызметкерлері сәуір айының басынан бері 25 браконьерлік дерегін анықтады. Бұл туралы бүгін өткен брифингте ІІМ баспасөз хатшысы Бағдат Қожахметов құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Баспасөз хатшысы хабарлағанындай, Ішкі істер министрлігі Орал-Каспий бассейініндегі балық ресурстарына қол сұғушылық қылмыстарды азайтып, криминалдық жағдайды тұрақтандыру мақсатында, Каспий теңізінің биоресурстарын сақтап, браконьерлікке тосқауыл жасау үшін кеден, балық қорғау органдарымен бірлесе отырып, 10 сәуірден 1 маусым аралығында "Бекіре" атты балық қорғау акциясын жүргізеді.

Б. Қожахметов атап өткеніндей, балықтардың уылдырық шашу кезеңінде "Ақмола, Алматы, Шығыс -Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан облыстарының су бассейіндерінде де браконьерлік қылмыстардың жиі жасалатыны белгілі. Осыған орай аталған аймақтардың жергілікті полиция қызметкерлері балықтарды қорғау ресурстары жөніндегі облысаралық бассейні басқармаларына балықтардың уылдырық шашу кезеңінде браконьерлікті құрықтау шараларын жүргізуге көмек көрсететін болады".

"Биылғы жылы көктем ерте келгендіктен, республиканың кейбір су учаскелерінде браконьерлікке тосқауыл қою шаралары 1 сәуірде басталды ", - деп атап өтті ІІМ баспасөз хатшысы.

Оның сөздері бойынша, шаралар басталғалы полиция қызметкерлері 25 заң бұзушылықты анықтады. Оның 6 заңсыз балық аулау, 6 сатып алу немесе сату, 13 балықты жеткізу оқиғасымен байланысты болды. Б. Қожахметов атап өткеніндей, бұл оқиғаға қатысты 6 қылмыстық іс қозғалып, әкімшіліктің жауапқа құқық бұзушылықты жасаған 17 адам тартылып, 322 мың теңгеге айыппұл салынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны