12.01.2007, 16:35 2962

Қазақстан премьері үкіметтің жаңа құрамының алдына бірқатар міндеттер қойды

АСТАНА. 12-қаңтар. Kazakhstan Today. Бүгін жаңа құрамда өткен алғашқы үкімет отырысында үкімет басшысы Кәрім Мәсімов министрлер кабинетінің алдына бірқатар міндеттер қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бізде босқа қарап отыруға уақыт жоқ, еліміз бізден 10-қаңтардағы президенттің парламент палаталарымен бірлескен отырысында қойған міндеттерді жүзеге асыруға қатысты нақты әрекеттерді күтіп отыр",- деді К. Мәсімов.

Үкімет басшысы үкіметтің орта мерізімдік нақты іс-шараларының бағдарламасын жасауды тапсырды. Осыған байланысты ол экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне "15-қаңтарға дейін үкіметтің орта мерізімдік бағдарламасының стратегиясын анықтауды мен үкіметтің іс- әрекеттеріне талдау жүргізуді, тауар нарығындағы ахуалды бағалауды" тапсырды.

К. Мәсімов сондай-ақ, бұрын әзірленген барлық мемлекеттік, секторлық және аймақтық бағдарламаларға талдау жасауды тапсырды. "Мұндай бағдарламалар тек республикалық деңгейде 120-дан астам. Бұл өте көп",- деді ол. Үкімет басшысы "қолданыстағы бағдарламаларға тексеру жүргізуді және оларды оңтайландыру жөніндегі жұмыс тобын құруды" тапсырды.

Ол сондай-ақ, "әкімшілік реформаға бағытталған жұмыстарды жеделтетуді" тапсырды. К. Мәсімовтің пікірінше, мемлекеттік қызмет көрсетуді сапалы жетілдіру мен мемлекеттік қызметке білікті мамандарды тарту үшін ынталандыру шараларына басымдық берілуі керек.

Сонымен қатар, "қабылданатын шешімдердің экономиканың бәсекеге қабілеттілік деңгейіне ықпал ететіндей арнайы механизмін әзірлеуге" тапсырма берілді.

Индустрия және сауда министрлігіне әлеуметтік-кәсіпкерлік одақ құру жөніндегі жұмысты жеделдету мен бірінші пилотты жобаны іске қосу тапсырылды.

Сонымен қатар, К. Мәсімов үкіметке инфлияцияның өсуіне, сыртқы қарыздардың өсуі мен ақша-несие саясатына байланысты мәселелер жөнінде ұсыныс дайындауды тапсырды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне әлеуметтік саясатты дамыту жөнінде, білім және ғылым министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігіне ұсынылатын қызмет сапасын жақсарту жөніндегі ұсыныстар әзірлеу тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны