21.05.2009, 18:57 2913

Қазақстан премьер-министрі Беларусь үкімет басшысы Сергей Сидорскиймен кездесті

Қазақстан премьер-министрі Беларусь үкімет басшысы Сергей Сидорскиймен кездесті

Астана. 21 мамыр. "Қазақстан Бүгін"- Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін "Рэдиссон САС" қонақ үйінде Беларусь Республикасының премьер-министрі Сергей Сидорскиймен кездесті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тараптар Қазақстан мен Беларусь республикалары арасындағы сауда- экономикалық және ғылыми- техникалық салалар бойынша екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, кездесуде екі елдің ТМД аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері мен өзге де интеграциялық құрылымдар бойынша бірқатар өзекті мәселелер әңгіме болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны