10.10.2008, 10:58 1657

Қазақстан премьер-министрі "Электронды үкімет" мәселесі бойынша кеңес өткізді

Қазақстан премьер-министрі "Электронды үкімет" мәселесі бойынша кеңес өткізді

Астана. 10 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен кеше "Электронды үкімет" мәселесі бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңес барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияны (АКТ) және "Электронды үкіметті" (ЭҮ) дамытудың әлемдік көрсеткіштері қаралды.

ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, "аталған жүйені қолдану Қазақстанда нәтижеге және әлеуметтік-экономикалық тиімділікке анағұрлым бағдарланған "Электронды үкіметті" дамыту бағдарламасын іске асыруға мүмкіндік береді".

Сонымен қатар, Қ. Есекеев бұл жеке жобаларға инвестиця тарту үшін, сондай-ақ осы заманғы әлемде Қазақстанның бәсекелестігіне ықпал ететін сапалы экономикалық негіздеме әзірлеуге мүмкіндік туғызатынын атап өтті.

Бұдан басқа, Қазақстанда ақпараттық-коммуникациялық технологияны және "Электронды үкіметті" дамыту жөнінде жедел және сенімді мәліметтер алу үшін АКТ және ЭҮ дамыту және жағдайын бағалау әдістемесі мен көрсеткіштер жүйесін әзірлеу жөніндегі іс-шаралар қарастырылғаны атап өтілді.

АКТ және ЭҮ дамыту және жағдайын бағалау әдістемесі мен көрсеткіштер жүйесін қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды атқару Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне берілетін болды.

Ақпараттық-коммуникациялық технология бойынша мәліметтер жинақтауды ұйымдастыруды ҚР Статистика агенттігі жүзеге асырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны