30.10.2008, 09:51 1470

Қазақстан премьер-министрі Иран Ислам Республикасы президентінің бірінші орынбасары Парвиз Давудимен кездесті

Қазақстан премьер-министрі Иран Ислам Республикасы президентінің бірінші орынбасары Парвиз Давудимен кездесті

Астана. 30 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов кеше Иран Ислам Республикасы президентінің бірінші орынбасары Парвиз Давудимен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуге қатысушылар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екі жақты қарым-қатынастардың ауқымды мәселесін талқылады.

Иңгімелесушілер Қазақстан мен Иран арасында қалыптасқан достық қарым-қатынастар экономиканың әр түрлі саласындағы, атап айтқанда, көлік, мұнайгаз, энергетикалық сала, тұрғын үй құрылысы мен жол салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту үшін жақсы негіз болып табылатынын атап өтті.

Кездесудің соңында К. Мәсімов пен П. Давуди өзара тиімлді әріптестік пен екі жақты байланыстарды одан әрі нығайту қажеттігі туралы ортақ пікірлерін білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны