25.09.2009, 18:16 3282

Қазақстан премьер-министрі Қытай Халық Республикасы компартиясы делегациясымен кездесті

Қазақстан премьер-министрі Қытай Халық Республикасы компартиясы делегациясымен кездесті

Астана. 25 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қытай Коммунистік партиясы ОК саяси бюросының мүшесі Юй Чжэншэн бастаған Қытай Халық Республикасы компартиясы делегациясымен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда - экономикалық және мәдени - гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Тараптар серіктестікті дамытудың ағымдағы жай - күйі туралы әңгімелесіп, екі елдің арасындағы жан - жақты қарым - қатынасты әрі қарай кеңейтуге әлеуеттің анағұрлым екенін атап өтті.

Кездесу соңында Кәрім Мәсімов пен Юй Чжэншэн Қазақстан мен Қытайдың аймақтық және халықаралық деңгейдегі өзара ынтымақтастығы әрі қарай нығаятынына сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны