02.12.2015, 15:47 3923

Қазақстан Премьер-Министрі Нидерланды Корольдігі Үкіметініӊ басшысымен кездесу өткізді

Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Астанаға ресми сапармен келген Нидерланды Корольдігініӊ Премьер-Министрі Марк Рюттемен кездесу өткізді

Астана. 2 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Астанаға ресми сапармен келген Нидерланды Корольдігініӊ Премьер-Министрі Марк Рюттемен кездесу өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тараптар екі жақты және көп жақты сауда-экономикалық ынтымақтастық жағдайы мен перспективаларын, Еуропалық Одақ аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Үкімет басшылары бірлескен баспасөз конференциясын өткізіп, онда экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға мүдделіліктерін растады.

"Біз түрлі салалардағы, оныӊ ішінде мұнай-газ, инновациялар мен ауыл шаруашылығындағы экономикалық өзара іс-қимыл мәселелерін талқыладық", - деп мәлімдеді К.Мәсімов.

"Нидерландыда ауыл шаруашылығы жақсы дамыған. Көлемі бойынша Қазақстаннан 65 есе кішкентай болса да, ЕО-тағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін екінші елсіздер, бұл Қазақстанда өнімділікті арттыруға үлкен мүмкіндіктер береді. Меніӊ ойымша, сіздіӊ осы сапарыӊыздыӊ болашақ дамуға маӊызы зор және пайдалы болмақ", - деп баса айтты К.Мәсімов М.Рюттеге қарата сөйлеген сөзінде.

Өз кезегінде Нидерланды Премьер-Министрі қазақстандық тарапқа қонақжайлылығы үшін алғысын білдірді.

М.Рютте Қазақстан Еуропалық Одақпен Кеӊейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға келісімге жеткен Орталық Азиядағы тұӊғыш ел болып табылатындығын айтып өтті.

"Аталған Келісім елдеріміздіӊ арасындағы саяси және экономикалық байланыстарға жаӊа сапалы негіз болады деп есептеймін", - деп баса айтты ол.

Сондай-ақ, М.Рютте Қазақстанда Мемлекет басшысыныӊ бастамасымен жүргізіліп жатқан институционалдық реформаларға қолдау білдіретінін айтты.

"Бұл тұрақты экономикалық өсімге негіз болатынына сенімдімін", - деп түйіндеді Нидерланды Премьер-Министрі.

Бұдан өзге, іс-шара аясында "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы А.Есімов пен Нидерланды Корольдігініӊ Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Х.Дриссер осы елдіӊ Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуы туралы келісімге қол қойды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны