19.06.2008, 10:47 1393

Қазақстан премьер-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келді (толық нұсқасы)

Қазақстан премьер-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келді (толық нұсқасы)

Қызылорда. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Илемдік банктің президенті Роберт Зеллик, АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Джон Ордвеймен бірге келген үкімет басшысын Қызылорда қаласындағы "Қорқыт ата" әуежайында облыс әкімі Болатбек Қуандықов бастаған ресми өкілдер күтіп алды.

Үкімет басшысы басқарған делегация сапар барысында Көкарал бөгеніне барып, "Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу" жобасының екінші фазасымен танысады.

Бұл жоба Сырдария өзені бассейнінің Қазақстанға қарасты бөлігінде ауылшаруашылығы мен балық өндірісінің көлемін арттыру мен оны қолдауға, Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалуға, Арал теңізінің солтүстігінің маңайы мен оның атырауындағы экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған. Жобаның бірінші фазасы 2002 жылдан бері жүзеге асырылуда.

Жоба ауқымына Сырдария өзенінің Шардара су қоймасынан бастап арал теңізіне дейінгі бассейні қамтылады. Жобада Сырдария өзенінде қазіргі бар гидротехникалық құрылғыларды жөндеу және жаңасын салу қарастырылған.

Жобаның екінші фазасында теңіздегі су деңгейін Балтық жүйесі бойынша теңіз суын Арал қаласына жеткізе отырып, 46 метрге дейін көтеру, қорғаныс бөгеттерді одан әрі сала беру көзделген. Жалпы жобаның құны $80 млн құрайды, оның $64 млн Илемдік банктің несиесі болса, қалған бөлігін Қазақстан үкіметі шығаруда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны