21.03.2007, 12:45 3077

Қазақстан президенті 2007-жылдың екінші жартысында Словакияға сапармен барады

АСТАНА. 21-наурыз.Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2007-жылдың екінші жартысында Словакияға сапармен барады. Бұл туралы бүгін Словакия Республикасының сыртқы істер министрі Ян Кубиш өзінің қазақстандық әріптесі Марат Тәжинмен кездесуден кейін өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Я.Кубиштің айтуынша, сапар барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту және энергетика саласындағы әріптестіктің келешегі секілді мәселелерді талқыламақшы. "Атап айтсақ, Қазақстан аумағында бірлескен кәсіпорындар құру, Қазақстан инвестициясын Словакия экономикасына тарту мүмкіндіктерін қараймыз",- деді ол.

Словакия Республикасының сыртқы істер министрінің айтуынша, "сапар аясында тек екі жақты ынтымақтастық мәселелерін ғана емес, сонымен бірге Қазақстан мен Еуропалық одақ және НАТО арасындағы ықпалдастық, аймақтық қауіпсіздік мәселелерін де талқылау көзделген".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны