18.09.2007, 14:18 2720

Қазақстан президенті 2008 жылдың ортасында Индонезияға сапармен барады

Қазақстан президенті 2008 жылдың ортасында Индонезияға сапармен барады.

Астана. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2008 жылдың ортасында Индонезияға сапармен барады. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысына сенім грамотасын табыстау салтанатынан кейін өткен брифингте Индонезияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Сджарил Сабаруддин мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз мемлекеттік хатшымен Қазақстан президентінің Индонезияға алдағы 2008 жылы баратын сапарына дайындық мәселелерін талқыладық",- деді Сджарил Сабаруддин. "Қазақстан президентінің бұл сапары екі ел арасындағы қатынастарды нығайтуға мүмкіндік береді",- деп атап көрсетті ол.

Елші, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік хатшысымен келіссөздер барысында саясат және экономика саласындағы екі жақты қатынастардың болашағы талқыланғандығын, атап өтті. "Бізде саяси деңгейде өте тығыз және жақсы қатынастар орнаған, біз көптеген халықаралық ұйымдарда бір-бірімізді қолдаймыз",- деп хабарлады Сджарил Сабаруддин. "Ал экономика және инвестиция деңгейінде біздің екі жақты қатынастарымызды нығайту жөніндегі жоспарларымыз бар", деп атап өтті ол.

Атап айтқанда, "тараптар 24-қазанда Джакартада екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен іскерлік инвестициялық-сауда форумын өткізбек ниетте", деп хабарлады Сджарил Сабаруддин. Елші, форум аясында Индонезия мен Қазақстанның сауда-өнеркәсіп палаталары біріккен іскерлік кеңесін құру және өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою межеленген, деп атап өтті. "Біздің елдеріміздің арасындағы өзара қатынастар одан әрі дами түседі деп сенімін",- деп қорытындылады Сджарил Сабаруддин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны