06.07.2007, 12:41 2839

Қазақстан президенті 67 жасқа шықты

АЛМАТЫ. 6-шілде. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 67 жасқа шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі. Кейінгі жылдары мемлекет басшысы өзінің туған күнін жұмыс орнында өткізуді әдетке айналдырған. Бүгінгі күн де сол күндердің қатарында. Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін мемлекет басшысы Астана күнін тойлауға қатысты шараларға атсалысады. Атап айтсақ, ол ғашықтар алаңында "Астана жұлдызы" ескерткіші мен субұрқақты ашады.

АЛМАТЫ. 6-шілде. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 67 жасқа шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Кейінгі жылдары мемлекет басшысы өзінің туған күнін жұмыс орнында өткізуді әдетке айналдырған. Бүгінгі күн де сол күндердің қатарында.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін мемлекет басшысы Астана күнін тойлауға қатысты шараларға атсалысады. Атап айтсақ, ол ғашықтар алаңында "Астана жұлдызы" ескерткіші мен субұрқақты ашады.

Ал кешке Астана әкімінің атынан Елордасы күніне орай берілетін қонақасына Нұрсұлтан Назарбаев қатысады. Бұл шараға шетелдік қонақтар, соның ішінде Хорватия президенті Стьепан Месич, Беларусь пен Ресей вице-премьерлері, Мәскеу мэрінің орынбасары секілді қонақтар шақырылған.

Нұрсұлтан Назарбаев 1940-жылдың 6-шілдесінде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында туған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны