04.08.2008, 17:25 2943

Қазақстан президенті 7 - 10 тамызда Қытай Халық Республикасында болады

Қазақстан президенті 7 - 10 тамызда Қытай Халық Республикасында болады

Астана. 4 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 7 - 10 тамызда Қытай Халық Республикасында болады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

"Сапар барысында президент XXIX Олимпиада ойындарының ашылу рәсіміне қатысып, Қазақстан спортшылары қатысатын бірқатар сайыстарды тамашалайды", - деді СІМ өкілі.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаомен кездеседі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны