16.01.2017, 15:20 5472

Қазақстан Президенті "Abu Dhabi Global Market" еркін қаржы аймағын аралап көрді

Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Даби қаласына келді.

Астана. 16 қаӊтар. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 15 қаӊтарда Біріккен Араб Имірліктеріне ресми сапармен келді,- деп хабарлайды Ақорда.

Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Даби қаласына келді.

Сапар аясында Қазақстан Президентініӊ Біріккен Араб Имірліктерініӊ мемлекет қайраткерлерімен, іскер топ өкілдерімен бірқатар келіссөздері, сондай-ақ Х Дүниежүзілік "Болашақтыӊ энергиясы" саммитініӊ жұмысына қатысуы жоспарланған.

Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабидіӊ тақ мұрагері, БАИ Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысыныӊ орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Ил Наһаянмен кеӊейтілген құрамда келіссөз жүргізді.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті мен Абу-Дабидіӊ тақ мұрагері сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы екі елдіӊ ынтымақтастығы мәселелерін қарастырды. Сондай-ақ, күн тәртібіндегі өзекті халықаралық мәселелер талқыланды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:

- Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі мен Біріккен Араб Имірліктерініӊ Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасыныӊ Біріккен Араб Имірліктеріндегі Елшілігініӊ және Біріккен Араб Имірліктерініӊ Қазақстан Республикасындағы Елшілігініӊ қажеттіліктері үшін Астана қаласында және Абу-Даби қаласында жер учаскелерін өзара өтеусіз пайдалануға беру туралы келісім;

- Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі мен Біріккен Араб Имірліктерініӊ Үкіметі арасындағы Дипломатиялық паспорттарды иеленуші азаматтардыӊ өзара визасыз сапарлары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама;

- Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Біріккен Араб Имірліктері Ислам істері және уақыфтар бас агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

- "АСТАНА ЭКСПО-2017" және "ЭКСПО ДУБАЙ 2020" бюросы арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум;

- Маӊғыстау облысы әкімдігі мен DP World FZE компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Біріккен Араб Имірліктері Сыртқы істер министрлігі арасындағы Консулдық мәселелері бойынша бірлескен комиссия құру жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

- Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен Біріккен Араб Имірліктері Экономика министрлігі арасындағы Туризм саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

- Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен Біріккен Араб Имірліктері Құрлықтағы және су көлігі федералдық агенттігі арасындағы Жолаушылар мен жүктердіӊ автокөлік арқылы халықаралық тасымалы жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум.

Қазақстан Президенті "Calatrava Grace Corporation" компаниясыныӊ атқарушы директоры Майкл Калатравамен кездесті.

Кездесу барысында компанияныӊ біздіӊ елімізбен арадағы ұзақ мерзімге арналған ынтымақтастығыныӊ перспективалары талқыланды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысына Астанада іске асыру жоспарланып отырған жобалар таныстырылды.

"Calatrava Grace Corporation" компаниясы жылжымайтын мүлік саласындағы жаһандық жобаларға өз клиенттерімен бірге әр транзакция үшін 100 млн долларға дейін қаржы бөле алатын мүмкіндігі бар инвестор болып саналады. Бүгінде компания портфолиосы 32 елдегі жалпы көлемі 1,9 млн шаршы метр болатын 340 жобаны қамтиды.

Мемлекет басшысы Біріккен Араб Имірліктерініӊ іскер топтар өкілдерімен кездесті

Кездесуге әмірліктердіӊ әлемдік деӊгейде жұмыс жүргізетін жетекші компанияларыныӊ басшылары қатысты.

Қазақстан Президенті Біріккен Араб Имірліктері Қазақстанныӊ Таяу Шығыс аумағындағы негізгі серіктесініӊ бірі екенін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік алғалы бері елімізге Біріккен Араб Имірліктерінен келген тікелей инвестиция көлемі 2 миллиард долларға жуықтағанын айтты.

- Қазақстанда әмірліктер капиталыныӊ қатысуымен 200-ге жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Олар ауыл шаруашылығы, металлургия және энергетика салаларын қамтиды. "Мубадала" мемлекеттік инвестициялық компаниясымен тығыз байланыс орнаған, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті Астанада жалпы құны 1,6 млрд доллар болатын "Абу Даби Плаза" екі жақты ірі инвестициялық жобасы іске асырылып жатқанын ерекше атап өтті.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев еліміздіӊ экономиканы әртараптандыруға айрықша көӊіл бөліп, озық 30 мемлекеттіӊ қатарына қосылу міндетін алдына қойып отырғанына тоқталды.

- Осы мақсатқа жету үшін Қазақстанда бизнеске барынша жеӊілдіктер қарастырылып, инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасалуда, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті республикамызда жүргізіліп жатқан бірқатар жүйелі шаралар мен институционалдық реформаларға тоқталып өтті.

- Тәуелсіздік жылдары еліміздіӊ экономикасына жұмсалған шетелдік тікелей инвестиция 265 миллиард доллардан асады. Дүниежүзілік банктіӊ "Бизнес жүргізу жеӊілдігі" рейтингінде Қазақстан 35-ші орынға ие болды. Бүгінгі таӊда 56 мемлекеттіӊ азаматтары Қазақстанға визасыз келе алады. Олардыӊ қатарында Біріккен Араб Имірліктері де бар, -деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыруға Біріккен Араб Имірліктері компанияларын белсене қатысуға шақырып, еліміз жан-жақты инвестициялық қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

- Басымдығы бар салаларда инвестор корпоративтік табыс салығынан және жер салығынан 10 жылға, мүлік салығынан 8 жылға босатылады. Шетелдік кәсіпкерлерге қолдау көрсететін Шетелдік инвесторлар кеӊесі 19 жылдан бері тиімді жұмыс атқарып келеді, - деді Қазақстан Президенті.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда 10 арнайы экономикалық және 20 индустриялық аймақ жұмыс істейтінін айтты.

- Бізді Біріккен Араб Имірліктерініӊ индустриялық аймақтар жұмысы жөніндегі тәжірибесі қызықтырады. Біз осындай аймақтарды әмірліктер компанияларыныӊ басқаруына беруге дайынбыз, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті әмірліктердіӊ бизнесмендеріне Қазақстанда қазір ірі мемлекеттік нысандарды жекешелендіру науқаны жүріп жатқанын, оныӊ аясында жеті жүздей мемлекеттік кәсіпорын сатылымға шығарылғанын жеткізді.

- Бұл - тау-кен металлургиясы, мұнай өндіру, энергетика, көлік және байланыс саласындағы кәсіпорындардыӊ, инфрақұрылым нысандарыныӊ акциялары. Біз әмірліктер компанияларыныӊ осы жекешелендіру ісіне атсалысуын біз құптаймыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы "Астана халықаралық қаржы орталығыныӊ қызметіне және Абу-Дабидегі саммитпен тақырыбы ортақ алдағы "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне тоқталып өтті.

- Қазақстанныӊ елордасында биыл "Болашақтыӊ энергиясы" тақырыбымен "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі өтеді. Оған 110-нан астам мемлекет, 18 халықаралық ұйым және жаӊартылатын энергетика саласындағы жетекші әлемдік компаниялар қатысады. Имірліктер - араб мемлекеттері арасынан "Астана ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысатынын ресми түрде растаған бірінші мемлекет, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев екі жақты келіссөздер аясында "Астана ЭКСПО - 2017" мен "Бюро ЭКСПО Дубай 2020" арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғанын атап өтіп, "жасыл" энергия немесе баламалы және жаӊартылатын энергия саласы бойынша Біріккен Араб Имірліктерімен арада табысты ынтымақтастық орнайды деп үміттенетінін жеткізді.

Соӊында Мемлекет басшысы кездесуге қатысушылардыӊ бәріне алғыс айтып, тараптар өзара тиімді ынтымақтастықтыӊ жаӊа мүмкіндіктері мен болашағын айқындай алатынына сенім білдірді.

Қазақстан Президенті Х Дүниежүзілік "Болашақтыӊ энергиясы" саммитіне қатысты

Мемлекет басшысы саммит саясаткерлердіӊ, ғалымдар мен сарапшылардыӊ энергетика саласында және энергияны үнемдеу ісінде таза технологияларды дамытуға ықпал ету бағытында жүріп жатқан жаһандық диалогыныӊ маӊызды бөлігіне айналғанын айтты.

- Сарапшылар оны қазірдіӊ өзінде "таза энергияныӊ дипломатиясы" деп атауда. Бұл әсіресе жаӊа Климат жөніндегі Париж келісімі ауқымында жұмыс жүргізіліп жатқан кезде ерекше маӊызды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті 2015 жылы жаӊартылатын энергия көздері мен энергия тиімділігіне жұмсалған инвестицияныӊ мұнай-газ саласына салынған инвестициямен алғаш рет теӊескеніне назар аударды.

Мемлекет басшысы бүгінде ешбір ел "қазірше дами бер, экологиямен кейін айналысамыз" деген формуламен өмір сүре алмайтынына тоқталып, планетаныӊ энергетикалық-экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сценарий қажет екеніне тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев XXI ғасыр энергетика саласындағы серпінді шешімдер дәуірі болуы қажет екенін айтып, бұл тек энергетика саласыныӊ даму векторын ғана емес, планетамыздыӊ алдағы мыӊдаған жылдардағы тағдырын анықтайтын кезеӊ болуға тиіс екенін атап өтті.

- Ресурсқа бай кейбір мемлекеттер өкілдері өз энергетикалық саясатыныӊ салдары туралы ойлана бермейді. Басқа елдерде бұл саясат өз ресурстарын сақтап қалып, үшінші елдерге экономикалық энергетикалық экспансия жасауға негізделген, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы саммит жұмысы ұлттық "таза" энергетикалық саясаттыӊ әзірленуі мен белсенді түрде енгізілуіне себепші боларына сенім білдіріп, энергияныӊ жаӊа көздерінен пайда таба білу қажет екенін жеткізді.

- Бұрын тек дамыған елдердіӊ ғана одан пайда табуға мүмкіндігі бар еді. Олар жаӊа энергия саласындағы технологиялар бойынша білім мен техникалық тәжірибе жинақтай алды. Қазір дамушы елдер үшін осы үдеріске қосылуға еӊ қолайлы уақыт туып отыр, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті энергетикалық трендтердіӊ көлік саласына да ықпал етіп отырғанына тоқталды.

- Қазіргі таӊда электромобильдер кеӊ танылып, қолжетімділікке ие болып келеді. Илемніӊ көптеген мегаполистері қоғамдық таза көлікке көшіп жатыр, - деді Мемлекет басшысы.

Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев саммитке қатысушыларды еліміздіӊ былтыр электромобиль шығаратын өз өндірісін бастағанын және оны келешекте кеӊейте түсуге, сондай-ақ электрлі автобустар шығаруды қолға алуға ниетті екенін жеткізді.

Қазақстан Президенті жаӊартылатын энергия ұраны арқылы әлем елдерініӊ көбініӊ басын біріктіре алған Халықаралық жаӊартылатын энергия көздері жөніндегі агенттіктіӊ қызметіне тоқталды, сондай-ақ энергияныӊ таза көздерін қаржыландыру ісінде "жасыл" қаржы маӊызды рөл атқаруға тиіс екенін айтты.

- "Жасыл" облигациялар нарығы соӊғы жылдары шарықтап, 70 миллиард долларға дейін жетті. Бұл осыдан үш жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 6 есе көп. Аталған бағалы қағаздар жаӊартылатын энергетика үшін зор синергетикалық нәтиже бере алады, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев баламалы энергетика мен қоршаған ортаны қорғау ісі ядролық әскери бағдарламалардан бас тартумен байланысты болуға тиіс екенін атап өтті.

- Қазақстан "Илем. XXI ғасыр" манифесінде заманныӊ еӊ күрделі проблемаларын шешу жолдарына қатысты өз көзқарасын ұсынды. Еліміз тәуелсіздігін алған күннен бастап ядросыз бейбіт қатар өмір сүру жоспарын ілгерілетіп келеді. Біз атом қаруыныӊ қуаттылығы жөнінен әлемдегі төртінші арсеналдан бас тарттық, - деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстанныӊ бейбіт атомды қолданудыӊ жақтаушысы екеніне назар аударып, 2015 жылы МАГАТЭ біздіӊ ел аумағында Төмен байытылған ядролық отын банкін құру туралы шешім қабылдағанын еске салды.

- Банк бейбіт атом энергетикасын дамытуды жоспарлап отырған мемлекеттерге арналған. Бүгінде уранға балама ретінде торийді қолдану жайы қызу зерттелуде. Осыған байланысты атом саласыныӊ тиімділігі айтарлықтай арта түсуі мүмкін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті биыл еліміздіӊ астанасы "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесін өткізетінін, көрме аяқталған соӊ оныӊ инфрақұрылымы базасында жаӊа "Астана" халықаралық қаржы орталығы орналасатын атап өтті.

- Біз Дубай қаржы орталығымен келіссөз жүргіздік. Олардыӊ тәжірибесін Қазақстанда қолдану жөнінде уағдаластық, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев өзініӊ Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде "ЭКСПО-2017" көрмесініӊ базасында БҰҰ-ныӊ қолдауымен Жасыл технологияларды және инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық құруды ұсынғанын айтты. "Астана" халықаралық қаржы орталығы мен Жасыл технологияларды дамыту жөніндегі орталықтыӊ бірлескен қызметі аймақтағы "жасыл" облигациялар мен ислам қаржы саласыныӊ дамуына серпін беруге тиіс.

Қазақстан Президенті таза энергетиканы дамыту саласындағы бастамалар ынтымақтастық үшін берік негіз бола алатынын атап өтті.

- Саммит мемлекеттер мен бизнестіӊ осы саладағы өзара әрекеттестігініӊ жаӊа формаларын бастап беруі қажет, - деді Мемлекет басшысы.

Соӊында Нұрсұлтан Назарбаев талқыланған мәселелер бойынша пайдалы пікірталас өтіп, ұтымды ұсыныстар айтылуына тілектестік білдірді, сондай-ақ Біріккен Араб Имірліктерініӊ құрылуыныӊ 45 жылдығымен құттықтады.

Қазақстан Президенті мерейтойлық саммит жұмысы аясында болашақтыӊ энергиясы саласындағы "Zyed Future Energy Prize" халықаралық сыйлығын салтанатты түрде табыстау рәсіміне қатысты.

Сыйлық 2008 жылы тағайындалды және Дүниежүзілік "Болашақтыӊ энергиясы" саммитінде, Абу-Дабидіӊ тұрақты даму аптасы аясында әмірліктіӊ тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Ил Наһаянныӊ атынан жыл сайын табыс етіледі. Сыйлықты 5 аталым бойынша Біріккен Араб Имірліктері басшылығыныӊ қатысуымен шет мемлекеттер басшыларыныӊ бірі табыстайды. Биыл мұндай құрметке Нұрсұлтан Назарбаев ие болды.

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік "Болашақтыӊ энергиясы" саммитініӊ көрмесін аралап көрді.

Нұрсұлтан Назарбаев іс-шара барысында "ЭКСПО-2017" павильонымен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев Жаӊартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттіктіӊ бас директоры Аднан Иминмен кездесті

Иӊгіме барысында ынтымақтастықтыӊ перспективалы бағыттарына қатысты кеӊ ауқымды мәселелер талқыланды.

Мемлекет басшысы IRENA агенттігініӊ көптеген елдердіӊ жаӊартылатын энергетика саласындағы күшін жұмылдырушы ретіндегі рөлін атап өтті.

Тараптар серіктестік қарым-қатынастардыӊ табысты дами беретініне сенім білдірді.

Жаӊартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттік 2009 жылы қаӊтарда құрылды. Қазіргі уақытта оныӊ жарғысына барлық континенттіӊ 140-тан астам елі қол қойған.

Қазақстан Президенті "Abu Dhabi Global Market" еркін қаржы аймағын аралап көрді.

Мемлекет басшысы халықаралық қаржы аймағыныӊ қызметімен және даму перспективаларымен танысты.

Іс-шара барысында Нұрсұлтан Назарбаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаӊба қалдырды.

"Abu Dhabi Global Market" көптеген жергілікті және шетелдік қаржы ұйымдары жұмыс жүргізетін халықаралық қаржы орталығы болып саналады. ADGM аумағында жалпы ағылшын құқығы мен ағылшын тілі қолданылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны