14.02.2008, 14:47 2994

Қазақстан президенті әкімдердің жұмысына қатаң сын айтты

Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөз сөйлеген Қазақстан президенті әкімдердің жұмысына қатаң сын айтты, деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі. "Бюджет қаржысының тиімді жұмсалуына шаралар қолданып, объективті талдау жүргізу қажет", - деді мемлекет басшысы. Президенттің айтуынша, өңірлерде шамамен 25 млрд теңге бюджет қаржысы мен 13 млрд теңге көлеміндегі республикалық бюджеттің трансферттері игерілмей қалған.

Астана. 14 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөз сөйлеген Қазақстан президенті әкімдердің жұмысына қатаң сын айтты, деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

"Бюджет қаржысының тиімді жұмсалуына шаралар қолданып, объективті талдау жүргізу қажет", - деді мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, өңірлерде шамамен 25 млрд теңге бюджет қаржысы мен 13 млрд теңге көлеміндегі республикалық бюджеттің трансферттері игерілмей қалған.

"Жергілікті жерлерде бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын уақытылы төлемейді. Бұл ақша жоқтықтан емес, жергілікті жерлердегі былықшылықтан!. Осындай жайттардың анық-қанығына жету керек!", -деп мәлімдеді президент.

Н. Назарбаев өңірлердің барлығында бірдей жылыту маусымына қалыпты дайындық қамтамасыз етілмеген деген пікірде. "Биылғы қыс болашақта шара қолдануға негіз болатын бірқатар пайым-тұжырымдарға түрткі болды", -деді ол.

Сонымен бірге Нұрсұлтан Назарбаев әкімдердің назарын Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жұмысына аударды. "Бюрократиялық дау-дамайлар Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың дамуын тежеуде. Ал олар әкімдерді бизнеспен шұғылданудан алшақтатуға тиіс. Мүмкін осы жайт әкімдердің көңілінен шықпайтын шығар", - деді президент.

Бұған қоса Нұрсұлтан Назарбаев әкімдерге кірісі төмен өңірлердің халқына назар аударуды, адамдарды жұмыспен қамтуға, мектептер мен ауруханаларды пайдалануға беруге, сыбайлас жемқорлықпен күреске назар шоғырландыруды тапсырды. "Бұл шаруны әкімдер басқаруға тиіс", - деді президент.

Н. Назарбаев әкімдерге бірқатар тапсырмалар жүктеді. Атап айтсақ, ол әкімдердің жергілікті бюджет қаржысын мектептер мен ауруханалар салуға, "Ауыз су" бағдарламасын жүзеге асыруға, жолдарды салуға жұмсауға тиіс екенін айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны