27.02.2018, 17:13 5352

Қазақстан Президенті Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевты қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілін латын қарпіне көшіру мәселесіне тоқталып, мемлекеттік тілдіӊ мәртебесін арттыруға бағытталған шаралар қабылдаудыӊ маӊыздылығын айтты.

Астана. 27 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті кеше Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудыӊ жаӊа мүмкіндіктері" атты жолдау аясында қойылған міндеттердіӊ іске асырылу барысы жөнінде мәлімделді.

Елбасы инновациялар мен жаӊа технологияларды енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру, сондай-ақ бұл үрдіске "Қазақстандағы 100 жаӊа есім" жобасына қатысушылардыӊ креативті әлеуетін пайдалану қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілін латын қарпіне көшіру мәселесіне тоқталып, мемлекеттік тілдіӊ мәртебесін арттыруға бағытталған шаралар қабылдаудыӊ маӊыздылығын айтты.

- Халқымыз үшін латын қарпіне көшу үдерісініӊ тарихи мәні зор. Сонымен бірге, қазақ тілініӊ мәртебесін арттыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет. Парламент пен Үкіметтіӊ қызметі мемлекеттік тілде жүргізілуге тиіс. Сондай-ақ, бұл мәселе бойынша азаматтардыӊ құқығын шектеуге болмайды. Бұл ретте ілеспе аударма жасау мүмкіндігі бар, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы латын қарпіне кезеӊ-кезеӊмен көшудіӊ маӊыздылығын айтып, қазақ тілін үйрету әдістемелерін жетілдіру мәселелерін жан-жақты зерттеуді тапсырды.

Бұдан бөлек, Елбасы киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және отандық бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ бәсекеге қабілеттігін арттыру мәселелеріне назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздіӊ телеарналарындағы сериялық өнімдердіӊ сапасын арттыру қажеттігіне тоқталып, масс-медиа жастарға патриоттық тәрбие беру ісінде маӊызды рөл атқаратынын атап өтті.

Кездесу барысында Дәурен Абаев Қазақстан Президентіне "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын іске асыру жоспары туралы баяндап, оныӊ басым бағыттарын түсіндіруге байланысты шаралар жөнінде мәлімет берді.

- Біз "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастырудамыз. Жалпы, бағдарлама аясында 120 бірлескен іс-шара көзделген, оныӊ жиырмасы биыл орындалатын болады, - деді Ақпарат және коммуникациялар министрі.

Сондай-ақ, Д.Абаев Нұрсұлтан Назарбаевқа "Астана ЭКСПО-2017" көрме кешені инфрақұрылымыныӊ базасында құрылған "Astana Hub" халықаралық технопаркі жұмысыныӊ басталғанын мәлімдеді.

Кездесу соӊында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны