03.07.2012, 10:17 2627

Қазақстан президенті АҚШ конгрессмендерімен сауда-экономикалық және халықаралық даму мәселелерін талқылады

Кездесу кезінде сауда-экономикалық және халықаралық даму мәселелерінің ауқымды спектрі талқыланды.

Астана. 3-шілде. Kazakhstan Today - Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ конгрессмендері Дэн Бертон мен Грегори Миксті қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кездесу кезінде сауда-экономикалық және халықаралық даму мәселелерінің ауқымды спектрі талқыланды.

"Мен сіздерге Қазақстанға қош келдіңіздер демекпін. Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде біз барлық өзара қарым-қатынастарымыз бойынша АҚШ-пен белсенді ықтымақтастық орнаттық. Тәуелсіздігімізді жариялаған соң, келесі жылы мен сіздердің елде болып, АҚШ Президенті үлкен Джордж Бушпен кездестім. Біз Қазақстанның тәуелсіздігінің қалыптасуына қолдау көрсетудің түрлі мәселелерін, соның ішінде ядролық қарусыздану мәселесін бірге талқыладық. Өздеріңіз білетіндей, ол кезде біз ядролық қарудың орасан арсеналы мен полигонға ие едік. Содан бері көп жыл өтті. Илемде көптеген өзгерістер болды. Біз танымал әрі құрмет тұтар елге айналдық. Бүгінде еліміз айтарлықтай дамып келеді. Біз 2020-2025 жылдары әлемнің дамыған елдері қатарына кіру туралы алдымызға міндет қойып отырмыз", - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

"Жылы шырайлы қабылдауларыңыз үшін алғысымызды білдіргіміз келеді. Мен Қазақстанның тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде соншалықты орасан табыстарға жеткенін әсіресе, Астананы ерекше атап өтпекпін. Астананы ауыстыру туралы идеяға қарсы болғандар аз болмағаны маған да белгілі, алайда бұл дұрыс таңдау болғанын уақыт көрсетіп отыр. Осындай тамаша қала қандай рецепт бойынша салынғанын білгіміз келеді", - деді Дэн Бертон.

Қазақстан мен АҚШ арасында екіжақты қатынастардың барлық спектрі бойынша кең көлемді өзара іс-қимылды сипаттайтын стратегиялық серіктестік орнатылған. 2011 жылы Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,74 миллиард доллард

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны