13.06.2016, 17:40 5201

Қазақстан Президенті Америка Құрама Штаттарыныӊ Президенті Барак Обамаға көӊіл айту жеделхатын жолдады

Жеделхатта: "Қазақстан терроризмніӊ кез келген түрін қатаӊ айыптайды, қандай мақсатта болса да жазықсыз қан төгуді ақтауға болмайды деп санайды", - делінген. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Астана. 13 маусым. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Орландо қаласындағы террористік акт салдарынан көптеген адамныӊ қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жеделхатта: "Қазақстан терроризмніӊ кез келген түрін қатаӊ айыптайды, қандай мақсатта болса да жазықсыз қан төгуді ақтауға болмайды деп санайды", - делінген. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтардыӊ және жеке өзініӊ атынан Б.Обамаға, Америка халқына, қаза болғандардыӊ отбасыларына және жақындарына көӊіл айтып, зардап шеккендердіӊ тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны