03.10.2017, 17:20 4644

Қазақстан Президенті Америка Құрама Штаттарыныӊ Президенті Дональд Трампқа көӊіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Америка Құрама Штаттарыныӊ Президенті Дональд Трампқа көӊіл айту жеделхатын жолдады

Астана. 3 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Америка Құрама Штаттарыныӊ Президенті Дональд Трампқа көӊіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Лас-Вегас қаласында болған атыс салдарынан көптеген адамныӊ қазаға ұшырағаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Біз осынау сын сағаттарда АҚШ халқымен бірге екенімізді жеткізгім келеді. Жеке өзімніӊ және барша Қазақстан халқыныӊ атынан қаза болғандардыӊ туыстары мен жақындарына, сондай-ақ достас Америка Құрама Штаттарыныӊ халқына көӊіл айтып, зардап шеккендердіӊ тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", - делінген жеделхатта.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны